Облыстық турнир

0

Өткен аптада қаламыздағы спорт кешенінде Дзю-додан 2005-2006 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында самбо күресінен әлем чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы, дзю-додан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, азия чемпионатының күміс жүлдегері, атланта олимпиадасының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Богунова Евгения Владимировнаның жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир өтті.  Жарыста аудан әкімі Қ.Мәдібек сөз сөйледі.

— Қарт Қаратаудың топырағы көптеген дарынды спортшылар мен танымал тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Сол спорт саңлақтарының бірі — Богунова Евгения Владимировна. Осы орайда, бүгін самбо күресінен әлем чемпионатының 6 дүркін, дзю-додан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Атланта олимпиадасының қатысушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған жерлесіміз — Евгения Богунованың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирге жиналып отырмыз. Барша қатысушылар мен спорт сүйер қауымға жарысқа қош келдіңіздер демекпін. Мектеп қабырғасында жүргенде КСРО-ғы дзю-до бойынша ұлттық құрама мүшесі болған Евгения, Қазақстан Республика-сының әйелдер дзю-досының дамуының бастауында тұрған алғашқы әйел спортшыларының бірі болды. Ол, 1989-1997 жылдары самбо мен дзю-до күресінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі, әрі аталған спорт түрлерінің сөзсіз көшбасшысы атанды.  2005 жылға дейін спорттың әртүрлі биіктерін бағындырып, өз жетістіктерімен дзю-до және самбо-күресінің шыңына шықты деуге болады. Жалпы, ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағыты бас-ты назарда тұр. Бұл мақсатта 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Барлық ауылдық округтерге спорт алаңшалары ел игілігіне қызмет етуде. Жылдан-жылға жас спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді. Спортты кеңінен насихаттау мақсатында соңғы жылдары  облыстық, республикалық жарыстарды, турнирлерді ауданда өткізу қолға алынып келеді. Соның бірі бүгінгі Евгения Богунованың жүлдесіне арналған осы турнир. Бұл турнир жас таланттарға үлкен спортқа, аренаға жолын ашады деген сенімдемін,-деді. Сонымен қатар Атланта олимпиадасының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Богунова Евгения алғашқы жаттықтырушысы Низами Мамедоглы Алиевтер құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байрақты бәсекеге Түркістан облысы және Шымкент, Тараз қалалары,  Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Талас, Сарысу аудандарынан 200-ден астам спортшылар бақтарын сынады. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен марапатталды.

Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.