ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ- ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙШЫҒЫ

0

Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды. Өйткені, ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын.

Қазақтың теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады өз Жарлығында. Елдің егемендігін жаңа жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын.  Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан,  қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті. Осылайша Қазақ даласының ұлы тұлғалары Әл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы Қазақстан Республикасының теңгелері жарыққа шығып, айналымға түскені шын тәуелсіздіктің көрінісі болды.

Бүгінде ұлттық валюта – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздіктің негізі. Жаңа дизайн елдің өз тарихы мен дәстүрінен сабақ ала отырып жаңа кезеңге аяқ басқанын бейнелейді. Қазіргі теңге материалының 20 деңгейлі қорғаныш қабаты бар. Ол әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың қатарына енеді. Ұлттық валютаның төбесінде қосымша сызығы бар “Т” таңбасы 2006 жылы пайда болды. Таңба қазір әлемдегі қаржы нарығына тегіс танымал. 1998 жылдан бастап, 15 қараша кәсіби мереке ретінде Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі болып белгіленді.

28 жыл тәуелсіздік ел тарихымызда мемлекет мәртебесін өсіру мен  экономикасының нығаюы жолында теңгенің орны ерек болды. Жиырма жылдан астам ғұмырында теңге тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп шықты. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол.

Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.