ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДА БОЛДЫ

0

Апта ішінде жергілікті  атқарушы органдардың  жұмыс алгоритміне сәйкес қала әкімі Д.Борсықов қаладағы әлеуметтік нысандарды аралап,  жұмыстарымен танысты.

Ең әуелі қала әкімі Д.Борсықов қаламыздағы 5 мектепке барып, жылыту маусымындағы  жағдайын көріп шықты. Білім берудегі жұмыс жоспарымен танысып,  қазіргі заман талабына сай,  ұстаздардың үнемі білімін жетілдіріп, сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы  кедергілерді азайтып, оқушылардың білімін жетілдіру керектігін тілге тиек етті. Одан кейін №5 Жаңатас және Жаңатас көпсалалы колледждеріне барды. Қала әкімі колледждерді аралау барысында студенттердің қолдан жасаған техникалық заттарымен танысты.  Еліміздің оның ішінде ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосатын  тәжірибелі мамандық иесін даярлап шығаруға шақырды.  Студенттердің  тәртібін, сабақ үлгерімін басты назарда ұстау керектігін айтты. Сонымен қатар бөбекжай-бақшаларында да болып, топтарға арналған жеке және жуынатын бөлмелерді, бүлдіршіндер тамақтанатын, денсаулықтарын тексеретін орындарды аралап шықты. Сондай-ақ бөбекжай асханаларындағы ас мәзірімен танысып,  аспазшыларға тамақ дайындауда тазалықты қатаң сақтау керектігін айтты.

Әлеуметтік нысандарды аралау барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.