Кітапхана түні

0

Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: «Жаһандық әлемде заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету үшін кітапхана саласының міндеттері зор болмақ»-деп атап айтқандай рухани орталық жұмысының мазмұнын байытып, мәртебесін асқақтатуда асқаралы міндеттерді алға қойып отырған аудандық орталық кітапханасы 6 қараша күні кітапханаға оқырман тарту, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу, кітапхана мен қоғамның арасындағы байланысты нығайту  мақсатында «Кітап сиқыры- Магия книг» атты түнгі арбат өткізді.

Акция алдында бірнеше күн бұрын афиша ілініп, аудан мекемелері мен оқу орындарына бағдарламасы мен шақыру қағазы үлестіріліп, хабарландыру жұмыстары жүргізілді.

Шарада мерекелік бағдарламаны жүргізуші І.Саспақова мерекелік шара бағдарламасымен таныстырды. Оқырмандар мен қонақтарды   «Кітапхана шақырады – поэзия шақырады» атты флеш-мобымен қарсы алды .

Қызықты да тағылымды  шараның шымылдығын Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орынбаев арнайы    құттықтау сөзімен  ашып, кітапханадағы игілікті шараға сәттілік тілеп, жастарды кітап оқуға, құрметтеуге шақырды.

Жиналған қауым түнгі кітапхананы тамашалап, бір уақытта бірнеше шаралардың куәсі болды. Атап айтар болсақ, ашылу салтанатында Өнер мектебінің ұстаздары Н.Өмірбек пен Т.Сатыбалдиевтың орындаған «Балбырауын», «Адай» күйлері  қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мәдениет үйі фойесінде «Ең, ең, ең…» кітап көрмесінде   кітап қорындағы түрлі мазмұндағы әдебиеттер қойылып, қатысушылар «Мен оқимын» атты сүйікті кітаптарымен суретке түсті. Кітапты насихаттаудың қазіргі жаңа үлгісінің бір түрі  «Шабыт бағы » атты  кітап инсталляциялары оқырман назарына ұсынылды.

«WelkomeZona» жазушыны таны да сыйлығыңды ал, кітап кафетерийі  жетонға жасырылған ақын-жазушыларды тапқан жеңімпаздар үшін кофе – брейк, дұрыс емес жауаптарға күлкілі суреттер берілді.

«Шабыт шалқары…» әдеби мейманжай қонақтары ардагер А.Сатыбеков, «Жастар ресурстық орталығы» Кмм-нің директорының орынбасары, ақын С.Тоқбанов бастаған жергілікті жас ақындармен кездесу ұйым-дастырылып, ақындар жүрек жарды шығармаларын мәнерлеп оқыды. Мүмкіндігі шектеулі оқырман С.Абаханова Абайдың, М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.

Балалар кітапханасының қызметкерлері А.Қойлыбекова, Р.Тажиева ұйымдастырған  «Ертегі кейіпкерлерінің әлемі» атты ертегі шоуы өз оқырмандарын таң-тамаша етті. Цифрландырылған ақпараттық орталық қызметкерлері А.Әбітай, Қ.Қожағаев  фантазиясымен жасалған «Менің қалам» атты телескоппен Жаңатас қаласының тарихын бейнеролик арқылы көрсетті. Сондай-ақ «Әдеби КazNet» интеллектуалды ойынында жазушыларымыздың кітап желісімен түсірілген кино фильмдерінен үзінді жасырылды.

Кітапхана қызметкерлері А.Жанжолова, Қ.Қуандықова, М.Қасымбековалардың ұйымдастыруымен өткен «Таңғажайып және шығармашылық» атты алаңында қолөнер және шаш өру мастер класы өтіп, қолөнер шеберлерінің қолынан туындаған бұйымдарға ерекше көзқарас танытып, қолданбалы өнердің қыр-сырымен танысты.

Қалалық кітапхана қызметкері Л.Рахымбаеваның ұйымдастырған «Сиқырлы өнер әлемінде» атты  жас суретшілер аллеясы қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, балалар өнер мектебінің, бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі Ж.Төлепбергенова мен шәкірттері әр түрлі тақырыпқа салынған суреттермен қатысушыларды тәнті етті.

Үстел үсті ойындары «Biblio спорт» алаңында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан  сайыс өтті.

Сонымен қатар, «Әнім сенсің — туған ел» әдеби караоке алаңы да ән айтатын оқырмандардан бос болмады.

Кітапхана түнін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Қожаназарова қорытындылап,  ең көп оқитын оқырман — 2019 қорытындысы бойынша  «Үздік оқырман», «Белсенді оқырман», «Білімпаз оқырман» номинациялары бойынша Алғыс хаттармен марапаттап сыйлықтар тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.