Сақтық шаралары жүргізілді

0

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі М.Күлдіковтың барлық құрылымдық бағынысты бөлімшелерге қойылған тапсырмасына сәйкес ауданда 28 қазан мен 1 қараша күндері аралығында жылыту маусымы кезеңінде адамдардың улы газбен улану салдарынан қаза болу фактілерінің алдын алу мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Жаңатас қаласы №16 Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, аудандық полиция бөлімі, «Сарысу электр жүйелері» ЖШС, «Тараз газ терминал» ЖШС Жаңатас газ учаскесінің филиал өкілдері тұрғын үй секторларында халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары арасында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға «Уландырғыш газ-өте қауіпті», «Тұрғын үйлерде  пештерді орнату кезінде қауіпсіздік ережесімен міндетті талап нормалары», «Жем-шөптерді жинайтын жерлерді ұстау тәртібі», «Саяжай кооперативтерін, бау-бақша серіктестіктерін, ауылдық елді мекендердің аумақтарын ұстау тәртібі», «Тұрмыстық газ-Сіздің досыңыз және бомбаңыз», «Өрт қауіпсіздік ережелері» және т.б. тақырыптарда жаднамалар таратылып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар арнайы мамандардың тексеруімен, қолданылып жатқан газ баллондар мен пештің ақауларын қалыпқа келтіру бойынша кеңестерін тұрғындарға түсіндірді.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.