ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

0

«Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында, Сарысу ауданы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің азаматтық қорғаудың аумақтық құрылымдарымен өзара байланыс жасау мақсатында      «Орталық қазандығында жарылыс орын алған кезде авариялық-құтқару бөлімшелері мен өзара іс-қимыл жасайтын азаматтық қорғау құрамаларының іс-әрекеттері» атты арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуда аудан әкімі, азаматтық қорғаныс бастығы Қ.Мәдібек және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры А.Даулбаев  50 адамнан және 12 техникадан тұратын шұғыл әрекет ету жасағының дайындықтарын тексеріп, жеке құрамға «Қыс-2019» РКШОЖ-дың тапсырмасы мен оқу-жаттығудың жоспары таныстырылды.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізу барысында Жаңатас қаласындағы  орталық қазандығында жарылыс орын алған кезде авариялық-құтқару бөлімшелері, яғни аудандық полиция бөлімі, авариялық-құтқару звенолары, электр жүйелері бойынша бригадалары, инженерлік қызметі, жедел жәрдем бригадалары және Жаңатас қаласы №16-ші Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерін шұғыл әрекет жұмыстарын жүргізді.

Тапсырма орындалатын жерге барғанда қоғамдық тәртіпті сақтауға бөлінген қызметкерлер жарылыс орын алған орынды кедергі жасамау үшін ешқандай бөгде техникаларды өткізбеу үшін жолдың екі шетінде постқа тұрғызылды.

Төтенше жағдайлар аймағында және автокөлік коммуникацияларында адам өліміне жол бермеу бойынша құрылымдардың іс-әрекеттері, апат аймағынан адамдарды іздеу, оларды уақытша орналастыру аймақтарына көшіру, зардап шеккендерге бірінші дәрігерлік және медициналық көмек көрсету сияқты мәселелер де оқу-жаттығу барысында пысықталды.

Жасақ командирлері атқарылған жұмыс туралы басшылыққа баяндады.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.