ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға келген Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары мен өңірлік деңгейдегі ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ-жайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылық білдіріп, форумның тиімділігі мен табыстылығын атап өтті.

– 2003 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Омбыда өңіраралық деңгейдегі алғашқы кездесу өтті. Бұл механизм толықтай іске қосылып, өңірлер ықпалдастығының тиімді құралы ретінде өзін дәлелдеді. Екі елдің аймақтары арасындағы сау-да көлемінің артып келе жатқаны өте маңызды. Біз өнеркәсіп кооперциясында, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықта зор табыстарға қол жеткіздік. Сондықтан ауқымды жұмыс атқарылды деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның арасын байланыстыратын дәстүрлі форумның маңызды екенін айтты.

– Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастар табысты дамып келеді. Былтыр тауар айналымы 14 пайыздан асты. Инвестиция көлемі ұлғая түсті. Біз тұрақты түрде кездесіп отырамыз. Дегенмен ерекше назар аударатын мәселелер әрқашан табылады, – деді Ресей Президенті.

7 қараша 2019 жыл

Ресей Федерациясы,

Омбы қаласы

www.akorda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.