«СЫРЛЫ КҮЗ-2019» БАЙҚАУЫ

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйі мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар  ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жасөспірімдерді табиғатты аялауға, қоршаған ортаның әсемдігін көре білуге, сезінуге тәрбиелеу мақсатында «Сырлы күз -2019» байқауы өткізілді.

«Сәлем-сөздің анасы», (командаға ат қойып, оны таныстыру), «Болашақ бүгіннен басталады», «Флешмоб» заманауи жастар биі, күзгі өнімдерден қолөнер жасап әкелу, өз өнерін көрсету (ән, би, қойылым, мәнерлеп оқу, т.б.),  «Күз әшекейі»  (күз ханшайымын таңдау) сынды бес бөлімнен тұратын сайысқа Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінен  «Құлпынай»,  Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінен «Алтын дән», Саудакент аула клубынан  «Күрең күз» топтары   қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Барлық қатысушылар байқау шарттарына жақсы дайындықпен келген. Әдемі үлгіде киім киіп, өздерін таныстырып,  қолөнер кезеңінде үйлерінен дайындап әкелген түрлі жұмыстарын ұсынды.

Сайыста ерекше көзге түскен Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің «Алтын дән» тобы бірінші орынға, Саудакент аула клубынан  «Күрең күз» тобы  екінші орынға, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің «Құлпынай» тобы үшінші орынға ие болды.  Өзінің алғырлығымен, шеберлігімен, әсем күзгі сән үлгісімен Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің оқушысы Әбжаппар Шолпан «Күз ханшайымы» атанды.  Барлық   жеңімпаз топтарға   арнайы мақтау қағазы мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.