МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

0

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап, сондай-ақ, бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда елдің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары. Аталған жоспардың заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі 2-тарауындағы 27-қадамында жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту және сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту мәселесі қарастырылған. Жеке сот орындаушылардың штаттық санын көбейтіп, мемлекеттік сот орындаушыларды біртіндеп қысқарту мәселесінің өте маңызды қадам екенін түсінеміз.

Қазіргі сәтте мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жеке сот орындаушыларының да жұмыстары қарастырылып, жеке сот орындаушылары жұмысқа қабылданып жатыр. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға сәйкес мұндай лауазымды орынға жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік бiлiмi бар, жеке сот орындау-шысында кемінде бір жыл мерзімде үздіксіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, жеке сот орындаушысы лауазымының бос орнына орналасуға конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады.

Жеке сот орындаушыларға қойылатын талаптар да жоғары. Жеке сот орындаушы болу үшін алдымен жоғары заң білімі және мемлекеттің сот орындаушысы болып бес жыл жұмыс істеуі керек. Осыдан кейін барып арнайы сынақ арқылы конкурсқа өтіп, лицензия алады. Жеке сот орындаушылардың тағы бір артықшылығы санға емес, сапаға жұмыс істейді.

Бұл жерде азаматтар шет елдегідей сот орындаушысын өз қалауы бойынша таңдайды. Бір сөзбен айтқанда, жеке сот орындаушылардың болуы сот шешімінің дер кезінде орындалуына мүмкіндік беріп, халықтың сотқа деген сенімі нығая түсуде.

Г.Айнекова, «Сот актілерін орындау бойынша Сарысу аудандық аумақтық бөлімі» филиалының

Инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.