ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

0

Халықтың күнделікті тіршілігінде шешімін таппай жүрген мәселелер аз емес. Тұрғындардың түрлі мәселелеріне, олардың шешілуіне мүмкіндігінше ықпал ету мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Сағынбек Арыстанұлы Бегеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өтініштері мен өз-дерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойған азаматтардың басым бөлігі  жұмысқа орналастыруды және денсаулығына байланыс-ты көмек сұрап келгендер.

Қабылдауға келген аудан тұрғындарының түрлі тақырыптағы арыз-шағымдарына, өтініштеріне құлақ асқан халық қалаулысы мәселелердің орындалуын өз бақылауына алып, оң шешімін табуға көмектесетінін жеткізді.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.