ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылы Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сәкен Мамытов Игілік ауылдық округіне барды.

 Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мамандары және ауыл тұрғындары қатысты.

Басқосуда мәслихат хатшысы Президент Жолдауы өте ауқымды, көптеген мәселені қамтыған маңызды құжат екендігін, Жолдауда Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерге тоқталып, бұл жасам-паздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болғанын, осы уақыт ішінде еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналғанын айтып өтсе, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жолдаудың басым бағыттары туралы кеңінен баяндады.Сонымен қатар, жиында маңызды құжатты ауыл тұрғындарымен бірге талқылап, Жолдауда қойылған міндеттемелерді орындау бағытындағы Үкімет қабылдаған шаралар жөнінде әңгіме өрбітті.

Камели Сүлейменова,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.