Сұлулық шеберлерінің сайысы өтті

0

«Сұлулық – өмірдің ажырамас бөлігі», «Сұлулық деген — бақытты уәде ету» деп жатады халқымыз. Таңғажайыбы таусылмайтын талғампаз әлемде сұлу болып жүру адамның өмірін ұзартады, жанын жадыратады. Осы орайда, сұлулыққа жетелеуге себеп болып, қуанышқа кенелтіп жүрген сұлулық салоны мамандарының еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында және Жастар жылы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жаңатас қаласы, 3-шағынаудан, 31-үйде орналасқан «CHANEL» сұлулық салонында «Сұлулық өмірдің ажары» атты шеберлер сайысы өткізілді.

Сайысқа «Шаш үлгісі», «Тырнақ әрлеу», «Макияж» номинациялары бойынша үміткерлер қатысты. Байқауда сөз алған «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры  Ж.Жұмағұл жастарға сұлулықтың мәнін терең ұқтырып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс барысында қатысушылар бар еңбегін салып, өнер көрсетті.Сайыс қорытындысында «Шаш үлгісі» бойынша 1-орынды Набиева Русана иеленсе, 2- орынды Алшынбай Айдана жеңіп алды. 3-орынды Тауышова Балжан місе тұтты. «Тырнақ әрлеу» номинациясы бойынша 1-орынды Баймырза Асыл жеңіп алса, 2-орынды Мұхтар Айдана иеленді. Жүлделі 3-орынды Асанова Зай-нат қанағат тұтты. Ал, «Бет әрлеу» номинациясы бойынша 1-орынға Эстебесова Бегимай лайық деп танылса, 2-орынды Усербай Аяулым иеленді. 3-орынды Мухаммеддәуітқызы Илмира жеңіп алды. Жеңімпаздарға мекеменің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.   

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.