Автокөліктегі өрт

0

Бүгінгі таңда аудан аумағында автотехникаларда 3 өрт оқиғалары тіркелді. Автокөліктің жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі жол-көлік оқиғаларының орын алуына, адам өлімі мен материалдық шығын артуына әкеліп соғады. Автокөліктің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Көлікті пайдаланудағы қауіпсіздіктің бірі, оның өртке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Автокөлікте орын алған өрттің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан автокөліктеріңізді өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтаңыз.

Автокөліктерді апаттардан және өрттерден сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:

  1. Автокөліктердің механизмдер мен тораптарының дұрыс істеуін қадағалаңыз;
  2. Автотұрақ бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға, ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға жол берілмейді;
  3. Автотұрақ бөлмелерінде нормадан асатын жанатын сұйықтар мен тез тұтанатын сұйықтарды сақтамаңыздар;
  4. Автотұрақ бөлмесінде темекі шекпеңіздер.

Өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, телефон арқылы 101-ге хабарлап, сол арада өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (Өрт сөндіргіш ОП, ОУ, ОПУ) сөндіруге шаралар қолданыңыздар, өрт сөндіргіш автокөліктің ең алғашқы және маңызды өртке қарсы қорғау құралы болып табылады.

Автокөліктерде орын алған өрттерді талдау нәтижесінде, өрттердің шығуының басты себебі: автокөліктердің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан туындайтыны анықталуда. Егерде автокөліктің электр жүйесінің ақаулығы байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.

Н.Күдербай, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.