Әлемді кітап арқылы танимын

0

Жазушы, балалар әдебиетінің өкілі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық әдеби конкурстың 5 дүркін лауреаты, халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің лауреаты  —  Пернебай Дүйсенбиннің 75 жасқа толуына орай  Тараз қаласында «Әлемді  кітап  арқылы танимын» атты облыстық ең  көп  кітап  оқитын оқырмандар арасында  байқау өткізілді. Байқауға  Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының  7 «Б» сынып оқушысы Елдос Тыныштықбай қатысып, бас жүлдені  иеленді.

Пернебай Дүйсенбиннің шығармаларынан жинақталған «Жат хабар» әңгімесінен  шағын сахналық қойылымға 10 «А» сынып оқушысы Сағыныш Мырзахметқызы,  9 «Ә» сынып оқушысы Ерхан Амандос қатысты. Жетекшісі мектептің кітапхана меңгерушісі  Бота Сайлаубекқызы Сапеева.

Байқау соңында  жеңімпаздар  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.