Қазақша сөйлейік

0

Қазақтың тілінсіз Қазақ мемлекеті болу мүмкін емес. Егер тілімізден айырылсақ, ұлтымызды да жоғалтуымыз әбден мүмкін. Әр ұлт өзінің тілімен мақтанады. Өйткені ұлтын ұлт ететін сол қасиетті тілі.

Күні бүгін өз тілін тастап өзара орысша сөйлесіп тұрған екі қытайды немесе қытайша сөйлесіп тұрған екі орысты, тіпті әлемдік тілге айналған ағылшын тілінде сөйлесіп тұрған екі жапонды көрдік пе? Жоқ. Егер олай болса мұндай қасірет қазақтың ғана басында тұр. Өз тілімізді өзіміз менсінбейтіндей, жек көретіндей қазақтың тілі соншалықты нашар, ойымызды жеткізу мүмкіндігі шектеулі тіл ме? Жоқ, әсте олай емес. Қазақ тілі әлемдегі ең бай, ең нақышты, мәнерлі тілдердің бірі екенін әлем ғалымдары мойындаған.

Басқаны қойғанда Елбасының «қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін» деген ақыл да нақыл идеясын қолдауымыз керек. Ананың ақ сүтімен дарыған ұлттық тілімізді барынша қолдап, қастерлеу біздің және болашақ ұрпақтың еншісінде екенін ұмытпауымыз керек.

Ана тілімізді әлемдегі өркениетті тілдер қатарына жеткізу үшін не істеуіміз керек? Бастысы не істеуіміз емес, неден бастауымыз керек? Өйткені ойдағыдай нәтиже бермей тұрғаны болмаса, істеліп жатқан шаруа аз емес. Мынау жаһандану атты заманда бөгде өркениетке жұтылып кетпей қазақ қалпымызда қалу үшін ауадай қажет ана тілімізді ардақтауды қазақ қазақпен тек қазақша сөйлесуден бастайық.

А.Андрахбаева, «Тілдерді оқыту орталығы»

Сарысу аудандық бөлімшесінің меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.