Мұғалім-мектептің жүрегі

0

Өткен сенбі күні Ұстаздар мерекесіне арналған «Мұғалім- мектептің жүрегі» атты мерекелік сазды кеш болып өтті. Мерекелік іс-шара шымылдығы «Маленькие дети» биімен ашылды. Led-экраннан еңбегімен еленіп жүрген ұстаздар жетістіктерінен видеороликтер көрсетілді. Сонан соң көрермендер назарына «Ұстазым» әнін хормен мектеп оқушылары және ұстаздар ұсынды.

Сонымен қатар, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс, отбастарына амандық тілеген аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова ауданның білім саласының дамуына қосқан зор үлесі мен үздік жетістіктері үшін және Мұғалімдер күні кәсіби мерекесіне  байланысты бір топ ұстаздар қауымына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Жамбыл облысы әкімінің, облыс әкімдігі білім басқармасының, аудан әкімінің, аудандық  мәслихаттың  Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі білім басқармасының 2018 — 2019 оқу жылының орта білім беру ұйымдарының рейтингі  қорытындысы бойынша екінші жыл қатарынан инновациялық бағытта жұмыс жасаған М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы және «Үздік қала мектебі» номинациясымен Ш. Уәлиханов атындағы мектеп –гимназиясы, «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен Түгіскен орта мектебі, «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясымен Ақтоғай орта мектебі, Негізгі мектептер арасында «өзін-өзі дамыту» режимінде жұмыс жасаған Үшбас негізгі мектебі марапатталды. Ардагер ұстаздарға да аудан әкімінің сыйлықтары тарту етілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы   Салтанат Жақсыпейілова облыстық «Үздік педагог» байқауының  жеңімпазы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Казира Молдабековаға сертификат тапсырса, аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлмира Сұлтанбекова Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төсбелгісін Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқытушысы Калия Киркинбаеваға тапсырды және ауданымыздағы білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымдары мен кәсіподақ мүшелерін облыстық кәсіподақтар орталығының, облыс әкімдігі білім басқармасы мен «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.Ұлағатты ұстаздарға арнап  М. Әуезов атындағы мектеп- гимназиясының мұғалімдері Әсел Иманқұлова, Раушан Зикрина «Мың алғыс саған ұстазым», М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Арай Төрехан «Ардақты ұстазым», аталмыш білім ордасының «Бозторғай» балалар хоры «Туған жер»және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жайна Момбекова ұлы Дәулен Алпамыспен бірге «Ана мен бала», Қамбар Ерболат «Ұстаздар»,Тынышбек Алихан, Дисенғали Алина «Ұстазым менің ұстазым», Медет Айтжанов, Жаңыл Қоңырбекова, Әсел Иманқұлова «Ұстазым» әндерін тамылжыта шырқап, тыңдармандарына ерекше көңіл күй сыйлады.

Камели Сүлейменова,«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.