САННАН САПАҒА КӨШУ

0

Ағымдағы жыл еліміз үшін қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды. Астанада салтанатты шара өтіп, «Жастар жылы» ресми бастау алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мерзімінен бұрын отставкаға шықты, жаңа Мемлекет Басшысы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланып, ел Президенті ретінде өзінің алғашы Жолдауын жария етті.  Менің ойымша Жолдау барлық мемлекеттік қызметшілердің көңілінен шықты. Бұл құжат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі «Бес институционалдық реформасының» жалғасы іспеттес.

«Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауда мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері қаралған.

Президент мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерді ашық айтты. Онда мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, білікті кадрларды материалдық демеу арқылы жақсарту қажеттігі айтылған. Осы мақсатта келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқарту арқылы, 2024 жылы барлық мемлекеттік қызметтегілерді 25 пайызға азайту көзделген.

Нәтижесі бойынша, мемлекеттік аппарат жетілдіріле түсіп, қызметі тиянақты, жұмыс нәтижесі жоғары (пайдалы) кадр-лар ғана мемлекеттік қызметте қалатын болады. Жүргізілген қысқартулар арқылы,  үнемделетін қаржы (бұл барлық шығындардың 3/1 бөлігі) еңбегі тиімді кадрлардың айлық ақыларын өсіруге немесе қаржылай қолдаудың басқа да шараларына бағытталады деген ойдамын.

Саннан сапаға көшу — уақыттың бас-ты талабы болған заманда, бұл Жолдау дамуымыздың басты бағыт-бағдары болары анық. Ал, бізге тек ерінбей еңбек ету ғана керек.

З.Сейдалиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.