ҚАЗАҚ ТІЛІ-МЕНІҢ ҰЛТТЫҚ МӘРТЕБЕМ

0

Қазақ тілі – ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, таза ұстап, жаны ашуы тиіс. «Ана тілі – ар өлшемі» демей ме, дана халқымыз. Олай болса, тілді шұбарлау- арды шұбарлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Біздің ана тіліміз басқа тілдерді үйренуге бөгет болмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген бар емес пе?!  Ендеше ана   тіл – патриоттық сезімге отанды сүюге жетелейді.

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн»,- деген жолдауындағы сөздерін  барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Иә, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ол Ата Заңда жазылған. Оны мойындап, мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту, бір сөзбен айтқанда ғылым, білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу – бізге міндет, ұрпаққа парыз! Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек! Жасай бер, туған тілім тірегім!

Айжан Андрахбаева, «Тілдерді оқыту орталығының»

Сарысу аудандық бөлімше меңгерушісі

Этапный рубеж

2 сентября Касым-Жомарт Токаев выступил с Посланием к народу Казахстана. Обращение Президента страны своему народу ожидаемо. Оно стало этапным рубежом развития нашего государства и стратегически важным документом.С сентября у нас настанут большие изменения, которые повлияют на жизнь нашего общества. Это первое Послание Президента Касым-Жомарт Токаева к народу. В стратегии Главы государства обозначено его личное видение относительно дальнейшего развития страны. В Послании были высказаны поручения Парламенту и правительству об ужесточении уголовного наказания за тяжкие преступления против личности. В Послании Президента больше всего импонируют его четкая структурированность и конкретность, сочетающиеся с масштабностью и комплексностью охвата проблемных зон и стратегических направлений дальнейшего поступательного движения страны. Несомненно, все мы понимаем, что для реализации намеченного плана потребуется принять ряд законодательных актов, в которых должны быть отражены реалии общества современного этапа политического, экономического и социального развития Казахстана. В Послании учтены тенденции общемирового процесса. Хочется выразить надежду, что при разработке планов мероприятий касаемо образовательной системы будут выполнены все намеченные направления, а так же будет организована совместная вдумчивая работа, как государственных органов различного уровня, так и всех заинтересованных структур негосударственного сектора. В течение четырех лет учителям вдвое повысят заработную плату. Это, без сомнения, привлечет возврат квалифицированных кадров советского периода, а так же талантливых учителей молодого поколения. Учителя освободятся от несвойственных функций.Повысится уровень качества знаний. Повысится статус педагога в обществе.Учителя станут работать пять дней. Появиться больше времени для творческого развития. Учителям могут увеличить отпуск до 56 дней. В проекте закона «О статусе педагога» подчеркнуто такое предложение.

Р.Камбарбаева, директор школы- гимназии имени М.Ауэзова

Leave A Reply

Your email address will not be published.