БАҚЫЛАУДЫҢ НӘТИЖЕСІ

0

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті мемлекеттік сатып алулар веб-порталында тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 292 475 866 666 теңгені құрайтын 74 904 мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаудан өтті, солардың ішінде жалпы сомасы 14 923 457 019 теңгені құрайтын 2249 мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылық орын алды.

Нақтырақ айтқанда,

  • ашық конкурс (аукцион) бойынша мемлекеттік сатып алуларда 1291 заң бұзушылық орын алған;
  • баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша 130 заң бұзушылық орын алған;
  • бір көзден алу тәсілі бойынша 826 заң бұзушылық орын алған;
  • тауар биржалары арқылы сатып алу тәсілі бойынша 2 заң бұзушылық орын алған.

Жоғарыда аталған заң бұзушылықтарға  қатысты камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны үшін ұйымдастырушылардың (тапсырыс берушілердің) басшылары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ 462-бабының 3 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерін уақытылы қаралуын, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және/немесе қорытынды туралы хаттамасын мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақытылы орналастырылуына бақылау іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде, барлығы 56 мемлекеттік сатып алулар бойынша орын алған заң бұзушылықтарға 36 ұйымдастырушылардың (тапсырыс берушілердің) 215 лауазымды тұлғалары әрбір белгіленген мерзімдердің сақталмағандығы үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ 207-бабының 14 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Д.К.СҮндетбаев, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.