Жыр арқауы ЖАҢАТАС

0

Қаланың 50 жылдығына

Өткенге көз салсам,

32-жасымда.

Құмкенттен келдім басында,

Тұрғаныма мінеки 50 жылдан әрі асты.

Отбасын құрдым жарасты,

Жан-жаққа үй боп тарасты.

 

Жаңатастың жарықтық,

Жан-жағын түгел қарық қып,

Толғанында көргенмін.

Қаланың халқы 60 мың болғанды,

Дауылы соғып нарықтың,

               жан-жаққа тарап халықтың.

Хан сарайға бергісіз небір

                                       үйдің бұзылып,

Күл-қоқысқа айналып

                           қалғанында көргенмін.

 

Алғаш іске қосылған фабриканың

                           1971-1972 жылдар еді,

Ол бір кез жастығымның шыңдары еді.

Ең үлкен бастығымыз Асылбеков,

Тіп-тік болып тартылған сымдай еді.

 

Бейбіттің әшейінде ашық-жарқын,

Білеміз бәрімізде қыздай түрін,

Жұмыс жүрмей қалса егер

                                    мұздайтұғын.

Қабағы қарс жабылып ширығатын,

Бұзылғаны түзелмей тынбайтұғын.

 

Еске түссе өткен шақ сағындырып,

Жүректі жылытып өтер

                                  жағымды қып.

Қандай да бір мереке жақындаса,

Отбасынан кетеді сабырлылық.

 

Жұбайыммен екеуміз түніменен,

Балалардың қоюшы едік

                                 шарын да үріп.

Үлгеруші едік шеруге сондадағы,

Үйіңдегі тәуірлеу барыңды іліп.

Жеті бірдей ұл-қызды жетекке алып,

Шығатынбыз үйді абыр-сабыр қылып

Қаратау тау-кен комбинатының шежіресі

Әуелгі бастығымыз Қондыбаев,

Өзіне таңдап алған жолды лайық.

Марқұмның топырағы торқа болсын.

Халқының қолдауына болды лайық.

 

Онан соң ең атақты Шеин келді,

Қолға алған әр ісіне зейінді еді.

Ақ адал бұл кісідей жан туар ма,

Жан-тәнімен халыққа бейімді еді.

Недогон, Түйтебаев қос шәкірті,

Дәл сондай қылып басқарды кейін де елді.

 

Поярель, Рябова басқарған кез,

Нарықтық қиындыққа дөп кеп еді.

Тартылып кең дүниені шектеп еді,

Комбинаттың туралап тоқтамауын,

Қадағалап көп еңбек еткен еді.

 

Келді кейін Сәрсенов Мұратқали,

Халыққа Мұратқали ұнап қалды.

Келгенде көп жұмыстар атқарылып,

Жұмыста бірқалыпты тұрақталды.

 

Ордабек Қоңырбеков,

Қарт кенші, Жамбыл облысының

Құрметті Еңбек Ардагері,

84 жастағы қария,

Жаңатас қаласының байырғы тұрғыны

Кенішім — қасиетті қара тасың

Кені  бар,  байлығы  бар — Жаңатасым,

Кенішім  қасиетті  қара   тасың.

Ішінде   химиялық   құрамы  бар,

Жіберіп   әр  салаға   таратасың.

 

Қасыңда   бар  маманың  химиктерің,

Күндіз-түн  тоқтамайды   тірліктерің,

Ауысым:   барып  жатыр , бірі  қайтса,

Бір  үйдің  баласындай    бірліктерің.

 

Ілгері  еңбекпенен  апаратын,

Ұсақтау  -Сұрыптау    деп  аталатын.

Осынау   үлкен  алып  көштері  бар,

Халықпен  көш  иесі  басталатын.

 

Мектебін   үлкен  өмір   көресің  де,

Сол  жерден   өзің  баға  бересің  бе.

Тастарды  шайнап-шайнап  

                                          тастайтұғұн,

«Айдаһар»   бар  дегенге   сенесің  бе ?!

 

Арайлап   көк  жиектен  таң  атасың,

Құлпырып  күннен-күнге    баратасың.

Өссін   деп  өмір –сәби   бесігінде,

Еңбекпен  әлдилейсің Жаңатасым.

 

Жаңатас  байлығы  бар   жер 

                                            жаннаты,

Халықтың  нәсібесі   салауаты.

Елімнің берекесі  кенішім   сен,

Өзіңсің кейінгі  ұрпақ  аманаты !

Құт мекенім

Бейбіт   күннің   жыр-әнісің Жаңатас,

Құт  — береке  бұлағысың  Жаңатас.

Еңбекпенен   көрсететін   бірлікті,

Ынтымақтың   тұрағысың

                                             Жаңатас.

 

Бесігіңді  жырымменен    тербесем,

Ұлы  тауым,  көк  теңізім  ел  десем.

Мен   ақын  боп  тумас  едім  егерде,

Қасиетін  қара  жердің сезбесем.

 

Жерде   жатқан  қара  тастың 

                                       құны артық,

Жүргенім   жоқ  шет  елдерге

                                              құмартып.

Дәл  солардың  «вискасынан» 

                                                шіркін-ай ,

«Ақбұлақтың»  ағып  жатқан  

                                           суы   артық.

 

Қап-қара  боп   көрінеді   жанып  тау,

Жүрегіме  жақындығын 

                                          танытты-ау.

Өліп  кетсем   бауырыңда  мен  сенің,

Жастанғанда   қара  тасың

                                           мамықтау.

 

Мақтанатын   ұрпағыма   мен  ертең,

Қазыналы  құт  берекем   мол  екен

Сенің  берген   нәсібеңнің   татымы,

Анам   берген  ақ  сүтпенен  

                                             тең  екен!!!

Сенің туың көкке өрлесін деп өтем,

Елу  елге  жете бергін  сен  ертең.

Жаңатасым , жаңарған  ел  қайтадан,

Құтты болсын елу жылдық  мерекең.

Советкүл Жарылқасынова,

Зейнеткер

Жаса, Жайна көркем қалам

1969 жылдан тарихы Жаңатастың

                                               басталады,

Жел өтіне тұрғызып, жас қаланы.

Қала соғып, кен қазған жігерленіп,

Әр тараптан естіліп жастар әні.

 

Жазы ыстық, қысы боранды, әрі суық,

Қиындық көп, жүру керек белді буып.

Жаңатаста тек мықтылар

                                            тұрақтайды,

Мекен емес, ол келгендерге ақша қуып.

 

Елі қайсар, Жаңатастың әрі зерек,

Біздерді жүр жаратқан желеп-жебеп.

Біз секілді қайсар жан болу үшін,

Көшіп келіп Жаңатаста тұру керек!

Сонда ғана білерсің біздің елді,

Тау қопарып, шығарған сыртқа кенді.

Одақ тарап, келгенде зор дағдарыс

Бірігіп, қажырлы ел бәрін жеңді!

 

Қайта гүлдеп келеді Жаңатасым,

Өрге қарай домалап түскен тасым.

Қажырлы ел қиындықтың бәрін жеңіп,

Қазақтың мақтанышы сен боласың!

Алтай САТЫБЕКОВ

Сарысуым-кең өлке

Күн сайын еңбек таңы жалғасады,

Жетелеп болашақтың  арман-әні.

Төрт түлік мал өргізген кең өлкеме,

Алдымен ғасыр мынау таңданады.

Махаббат, қуат алып сағыныштан,

Еңбекке ұл-қыздары алып-ұшқан,

Алтын дән, мәуелі бақ,

Ырыс байлық,

Қойнауы Жаңатастың сағым ұшқан.

Ғажапқа алуан сырлы асқары мол,

Бүгінде Сарыарқаның аспаны жол,

Атқылап қайнар суын бас иіпті,

Жер асты жеті қабат астары тоң.

Қарттарың қайран қалған көпті

                                                    көрген,

Биіктеп сәулетті үйлер көк тіреген,

Көшесі қала сынды Саудакенттің,

Күнде жыр, туындаған отты өлең.

Әні: Мелс Өзбековтікі

Сөзі: Жамалбек Өзбековтікі

Посвещению Жанатасу

1.В Казахстане на юге есть

                                       такая земля.

Где есть горы, долины, где

                                          дуют ветра.

Где бок о бок живут и чабан,

                                             и шахтёр.

Жанатас, славный город,

                                   о тебе мы поём.

Люди сильные духом здесь

                                     дружно живут

Казах, русский, кореец, узбек и уйгур

Под большим шаныраком вот

                                     уже много лет

Здесь с открытой душою

                                    живёт человек.

Припев:

Как орёл в небесах, эта

                                        песня летит.

Где бушуют ветра, где

                                      великая степь.

Залит солнечным светом,

                             и скажу без прикрас.

Ты любовь моя, сердце моё Жанатас

2.Не сегодня случилось – 50 лет

                                                      назад

Фосфориты открыли в

                           недрах горных тогда

Новый город основан был тогда,

                                               а теперь

Жанатас – Новый камень,

                                     у тебя юбилей!

Жасыл қалам бұл жайнаған

                                 гүл мекенім менің.

Бақта бұлбұлы сайраған

                                          туған жерім.

Фосфориттің ордасы артқан сенім.

Жаңатас құт мекенім мақтанамын

                                                  сенімен.

Припев:

Қыран құстай көк аспанда самғаған,

Самал желде жусан иісі аңқыған.

Әсемдігіне күн  көзіндей көз тоймай,   

Жүрегімде бір өзіңсің Жаңатасым.

Припев:

Мариана Антропова

Жас қаланың жастары

Біздер біздер Жаңатастың жастары,

Ашық болған айбынды ел аспаны.

Ту ететін намысын сан додада,

Адалдықтан айнымаған жас жалын.

Біздер, біздер егемен ел үміті,

Қазағымның бал қаймағы, түбіті.

Ибалы жар, өнегелі қызы бар,

Ертеңгі елдің сенім артар жігіті.

Біздер, біздер болашақтың байлығы.

Аспанымен көмкерілген ай-күні.

«Жастар жылы» жаңашылдық

                                                бастауы.

«Арғымақ жыл» асқақтатқан

                                                  айбыны.

Дара жолда өшпес ізін қалдырған.

Көрінетін алда талай сан қырдан.

Өнер, білім,ғылымдардың иесі.

Жастармыз біз қуат алған

                                              ән-жырдан.

Көңілдей пәк, көгілдір һәм аспаны.

Болашақтың мөлдір тұнық бастауы.

Самғай берсін Сарысудың саңлағы.

Жасай берсін Жаңатастың жастары!

Жасыл қала-жаса мәңгі!

Таңырқаумен көркіңе мен,

Сыр ашамын шертіп өлең.

Жаңатасым –құт мекенім,

Қойнауынан кен түлеген.

 

Қазыналы ырыс-бағың,

Кенді өңірде тыныстадым.

Жылдар…жылдар.. ар жағында,

Мен сеземін тың іс барын.

 

Қала әлі гүлденеді,

Шуақ шашып күн келеді.

Ынтымақ пен бірлік болсын,

Бізге бүгін ең керегі.

 

Аударатын баса мәнді,

Талай сырың тасаланды.

Болашаққа бет түзеген,

Жасыл қала – жаса мәңгі!

Самат ТОҚБАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.