Өнер-ұлттың жаны

0

Елдігіміздің басты нышаны — өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз. «Өнер — ұлттың жаны» дейді халық даналығы. Кез-келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Осыған байланысты аудан көлемінде мәдени шаралар кең көлемде аталып, тойлануда.  Жамбыл облысының 80 жылдығы мен жастар жылы аясында, жаңатас қаласының 50 жылдығына арналған Жайылма ауылдық округінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер күндері аталып өтті.

Шара барысында  аудан әкімінің орынбасары Л.Нұрмаханова, мекеме, кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері, Жайылма ауылдық өнер мектебінің оқушылары жасаған қолөнер бұйымдарын, суреттерін, жерлесіміз, сахна саңлағы А.Әшімовтың киноларда қолданған заттары қойылған  көрмемен танысты. Сонымен қатар, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің «Сарысуым –киелі мекен құт мекен» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ, Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінің  қызметкерлері қазақтың ұлттық-асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу ойындарын өткізді.

Шарада Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов құттықтау сөз сөйледі:

— Міне, биыл келбеті көркем Жаңатас қаласына 50 жыл, Жамбыл облысының құрылғанына 80 жылдық мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, қазақ мәдениеті – халқымыздың тұрмыс-салты мен рухани құндылықтарының қайнар көзі. Ұлттық мәдениетімізді насихаттау барысында өнер күндеріне арналған шаралар өтуде,-деді.

Сонымен қатар, ауылдық округ өнерпаздары күмбірлеген күйден, жергілікті ақындардың жыр өлеңдерінен шашу шашты. Жезтаңдай әншілер әуелете ән шырқады.  Мың бұралған бишілер тобы қазақ, өзбек билерін биледі.

С.ЕСҚАРАЕВ, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.