МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМНІҢ ТАРИХЫ

0

Өткен аптада аудандық орталық кітапханада аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, Әдеп уәкілі Н.Төлеубекқызының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру»   бағдарламасының «Өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру алгоритміне сәйкес мемлекеттік органдардың ұжымдарында құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Менің жетістігімнің тарихы» жобасы аясында аудан әкімінің орынбасары О.Көкеймен және аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Б.Шалабаевпен мемлекеттік қызметшілердің кездесуі өтті.

Жиынға жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кездесуде болған аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей жас мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет жүйесіне алғаш рет қалай келгенін, осы уақыт аралығында өзінің қол жеткізген жетіс-тіктерін тілге тиек етіп, жастарды еліне, туған жеріне, оның ішінде ауданымызға адал қызмет етуге шақырды.

Одан кейін сөз алған, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бейсен Шалабаев қызмет барысындағы  өзінің тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі меритократия жолымен қызметтегі лауазымдарда өсу туралы, мемлекеттік қызметшінің жұмыста мейлінше әділ, адал, қарапайым әрі әдепті болуы туралы әңгімеледі.

Жиынға қатысушылар өз сұрақта-рын қойып, тиісті жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.