Аудан әкімі Қ.Мәдібектің Жаңатас қаласының 50 жылдығына арналған құттықтауы

0

Осыдан 50 жыл бұрын Қазақсан картасында дүниеге келген Жаңатас қаласы – бүгін өзінің жарты ғасырлық мерекесін  үлкен салтанатпен атап өтіп отыр.Баршаңызды қарт Қаратаудың етегінен керегесін керіп, қасиетті шаңырағын көтеріп, абыз қарияның киелі батасын алған, жастардың сенімді серігіне айналған Жаңатас қаласының торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңатас жылы ұя салған киелі Қаратау – қазақтың талмас тарихы, барша ұлтымызды бауырына басқан қасиетті шаһар, рухымыздың темірқазығы.Дана халқымызда «елу жылда ел жаңа» деген шырақтай жарқыраған аталы сөз бар. Ал, 1964 жылы жұмысшылар кенті ретінде іргесін қалап, 1969 жылы қала мәртебесін алған Жаңатастың 50 жылдығы – оның өткен жолымен, бағындырған биіктерімен және атқарған істерімен өлшенетін өз тарихы деп білеміз.Өйткені, бүгін – ешкімге де жалын ұстатпайтын Ұлы Уақыт бізді құйқасы шұрайлы, сипаты шырайлы, бар қазақтың шежіресіне айналған  қарт Қаратаудың бойына осыдан 50 жыл бұрын қазығын қаққан Жаңатастың төріне жинап отыр!

Жаңатас – осы артта қалған 50 жылда үлкен даму мен өркендеу жолынан өтті. Ол өткен ғасырда болашағынан аса зор үміт күттірген өндірістік сипаттағы қала болып қалыптасты.Осындай шежірелі жолда – қаламыздың ғибраты мол өсу кезеңі мен еңбектің биік рухының жатқаны ақиқат!Осы жылдары қалада химия өндірісінің ірі кен орындары ашылып, көптеген тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары көз ілеспес жылдамдықпен бой көтерді.Осылайша, қазыналы Қаратаудың күнгейіне алақанын қыздырып, теріскейіне табан тіреп, еселі еңбектің үлкен үлгісін көрсеткен Жаңатас республикамыздағы ең жас қалалардың арасында – үлкен қарқынмен дамыды. Өңірдегі аса бай фосфорит кенішін игеру мақсатында атқарылған ұлан-ғайыр істердің нәтижесінде 80-ші жылдары қала халқының саны 60 мыңға жақындады.Еуразия құрлығынан, Жаңатастағы ірі фосфорит бассейнін игеру үшін – білікті мамандар мен өндіріс басшылары, геолог-ғалымдар мен инженерлер осында бас қосты. Олар күндіз-түні тізе қосып, ұлан-ғайыр жұмыстар атқарды.

Еліміз егемендігін алған тұста – Жаңатас қаласы аса күрделі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістерді де басынан өткізді. Жарық, газ, су тапшылығы орын алды. Жұмыс орындары тоқтады. Осы кезеңде шыдамдылықты серік, төзімділікті көрік етіп, бірлік деген ұлы күштен қуат алған жаңатастықтар — барлық қиындықтарды жеңіп, өз  іргетасының берік екенін көпке танытты!

Жаңатас қаласы өз өмір-ғұмырын тоқтатқан жоқ! Бұл әрине, Жаңатас қаласына деген сенімін жоғалтпаған, үкілі үмітін үзбеген, тау қопарып, тас арқалап, маңдай терін төккен ерен еңбек пен салмақты сабырдың өнегесін көрсеткен қала халқының өр мінезі!Ертедегі есті заманда бір ақылман қария «Еңбек – әлемнің әміршісі» деген екен. Ал, Жаңатас осы 50 жылдық тарихи жолында сол еңбектің өшпес ізін қалдырған қала!

Еңбектің айшықты дәстүрін қалыптастырған қала!

Ырысын берекелі бірліктен тапқан қала!

Табиғаты қатал болғанымен, кеңпейіл жұрты жомарт қала!

Осылайша Жаңатас — екі ғасыр тоғысында басына түскен сыннан сүрінбей, қиындықтан қиналса да тізесін бүкпей, қилы замандарда халқына арқасын тосқан, ұрпағына иығын берген, жусан исі жұпар атқан ұлық Қаратаудың киесімен бүгінгі күннің шуағына кенеліп отыр!

Міне, бүгін Жаңатас еңбек майданында қайта жарқыраудың қастерлі түндігін айқара ашты!

Жаңатасты 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың орта тұсында 50-ден астам ұлт өкілдері тұрақты мекен етіп, татулық пен ынтымақтың көрігін қыздырып, баянды бақтың құшағына кенелгені, ырымды ырысқа бөлегені бүгінгі қалың елдің есінде. Әрине, мұның бәрі фосфорит шикізатын өндіретін Жаңатастың мәртебесін таныту жолында төгілген тер мен атқарылған тынымсыз тірліктердің нәтижесі еді.Халқымызда «болған жерінде өзің қалмасаң да, жарқыраған ізің қалсын, халық айтар сөзің қалсын» деген, ұққан елге танымы терең баталы сөз бар.

Жаңатастың елу жылдық жоталы жолында маңдайы жарқырған талай қайраткерлер мен еңбек өрендерінің сайраған іздері қалды.Осы 50 жылдық биік белестерден өткен Жаңатас қаласының басқару тізгінін әр жылдары Тұрғанбек Қалабаев, Рахым Ахметов, Төлеухан Оспанбеков, Анатолий Перенков, Игорь Паршин, Итен Әлімтаев сынды кісілік келбеттері бөлек, білікті басшылар мен іскер ұйымдастырушылар ұстады.Сонымен қатар, қаланың дамуы мен өркендеуіне «Қаратау» өндірістік бірлестігі, «Қаратаухимстрой» тресі құрамындағы өндіріс орындары мен олардың басшыларының айтарлықтай үлесін атап өтуді жөн санаймыз. Олардың алдыңғы қатарында Жаңатастағы химия өндірісін дамытуға айрықша еңбек сіңірген, өз саласын жетік меңгерген — Николай Макиевский, Сүйінбек Түйтебаев, Александр Поярель, Геннадий Курилов, Александр Недогон, Амантай Өмірзақов, Елубай Орынбаев, Анна Рябова, Мұратқали Сәрсеновтей басшылардың есімдері тұрары сөзсіз. Осы жылдары жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсеткен көптеген жаңатастықтар жоғары атақтар мен мемлекеттік марапаттауларға ие болды. Олардың ішінде, эксковатор-машинисі Қыдыр Орымбаев пен геологиялық барлау тобының бригадирі Жаппас Тілеуовтер мәртебесі зор Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.Сонымен қатар, елу жылдық тарихи кезеңде Жаңатас қаласының гүлденуіне ерекше үлес қосқан, құрметке бөленген Інкәр Әбішев, Мұса Өтемісов, Мейрам Абауов, Тыныштық Бектөреева, Феруза Баймаханова, Тұрар Мысықбаев, Хасен Молдабаев, Серік Аппазов, Бейбіт Асылбеков, Риф Ахунов, Асан Смағұлов, Фатима Жакипова, Тілепберген Маманов  сынды атпал азаматтардың еселі еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

90-жылдардағы алғашқы дағдарыс кезінде айлық-жалақылары мен жәрдемақыларын жарты жылға жуық ала алмаған жұмыскер кеншілердің мұң-мұқтажын жоқтаған Қалмырза Жандарбеков, Үйсінәлі Аманқұлов, Қорамсақ Кулетов, Жамбыл Шәдиев пен Пернебек Райымбековтердің, қарапайым халықтың назын жұмыс берушілерге жеткізіп, әділдікті талап еткені көпшіліктің есінде. Сондай-ақ, пейілдері таза, ұстанымдары берік қала және өндіріс басшыларының көрегендік қасиеттері арқасында Жаңатастан – өмірде ысылған, өндірісте жетілген, азаматтық бейнесі қалыптасқан көптеген айтулы азаматтар шықты. Қала 1997 жылы Сарысу ауданына қосылған жылдары осы өңірді Дүйсенбай Тұрғанов, Серғали Айдапкелов, Болат Мәдікенов,  Бекболат Орынбеков, Жангелді Омаров, Балабек Нарбаев сынды азаматтар басқарып, Жаңатастың қайта түлеуіне ерекше үлес қосты.

Сонымен қатар, Жаңатастың атын алысқа шығарған, бокстан жастар арасында КСРО чемпионы, қазақ боксын әлемге танытқан  даңқты спортшы, «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» — Серік Өмірбеков, самбодан әлемнің алты дүркін және КСРО-нің үш дүркін чемпионы — Евгения Багунова, шахматтан әлем чемпионы атанған — Динара Туйтебаева, грек-рим күресінен екі дүркін Азия чемпоны — Марат Гарипов, Қазақстан футболының дамуына ерекше үлес қосқан — Константин Горовенко сынды айтулы спортшылармен, Тынышбай Рахимов, Төлеу Үшқоңыров, Ынтымақ Шералиев сияқты жергілікті композиторлар, Пернебай Дүйсенбин мен Бергентай Нұрмахановтардай жазушылардың есімдерін үнемі үлкен ілтипатпен айтамыз.

50 лет назад на карте Казахстана появился новый город, получивший символическое название — Жанатас. Сердечно поздравляю Вас с этим замечательным праздником!

Начало городу было положено в шестидесятые годы двадцатого века. В это время и началось масштабное освоение залежей фосфорита и развернулась грандиозная стройка.  Из истории известно, что двадцатого апреля тысяча девятсот шестдесять четвертого года инженер-строитель треста «Каратау химстрой» Роман Яковлевич Илле в торжественной обстановке забил первый камень будущего города. С того самого времени, начали съезжаться со всех концов страны тысячи лучших представителей молодёжи.

В 1968 году на месторождении побывал руководитель республики Динмухамед Ахметович Конаев. Его приезд оказал положительное влияние на оперативное решение многих вопросов. А через год, 25 июня 1969 года рабочий поселок горняков получил статус города. В то время его население составляло 12 тысяч человек.

Огромный, неоценимый вклад в развитие нового города внес Каратауский комбинат. Предприятие построило больницу, 8 школ, 26 детских садов, кинотеатр, Дом культуры и связи. В тысяча девятсот семьдесят первом году за высокие производственные результаты комбинат был награжден орденом, а многие горняки удостоились высоких государственных наград.

В 80-е годы население города составляло около 60 тысяч человек.  Здесь работали лучшие кадры того времени – ученые-геологи и инженеры, специалисты и руководители производства.

Но в последующем, как всем вам известно, наступили тяжелые времена. Разрыв экономических отношений, спад производства – все это негативно отразилось на социальной жизни города, на благосостоянии людей.

Но Жанатас выстоял, а затем и возродился. Этому способствовали неустанный труд, творческая  энергия и совместные усилия всех, кто верил в будущее своего города. И сегодня, отмечая его 50-летие, мы с благодарностью и почтением вспоминаем тех, кто способствовал становлению, развитию города, а в последующие годы преодолевал трудности переходного периода.

Сегодня Жанатас является не только районным центром, но и одним из промышленных городов региона. На новый уровень производства вышел комбинат «Каратау». Большие перспективы сулит городу и в целом Сарысускому району деятельность российской компании «ЕвроХим».

В этом году началось строительство крупнейшей в Центральной Азии Жанатасской ветряной электростанции. А с приходом голубого топлива в регион, улучшится благосостояние населения, появятся новые рабочие места.Постепенно восстанавливается и демографическая ситуация. В ближайшие годы рост населения достигнет отметки 35 тысяч человек.Так что у Жанатаса – большое и светлое будущее!

Сердечно поздравляю Вас с юбилеем нашего города!Желаю всем вам крепкого здоровья, семейного благополучия и долгих лет жизни!

Ардақты ағайын!

Жаңатастың – келешегі жарқын, болашағы айқын!

Сүйікті қаламыздың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биіктей берсін. Баршаңызды бүгінгі Жаңатас қаласының жарты ғасырлық мерейлі мерекесімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақытты өмір тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.