Ата Заңым-айбарым

0

Осы аптаның сәрсенбісі күні «Тілдерді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен білім бөлімінің мәжіліс залында «Айбарлы асқар елді асқақтатар- Ата заң»  атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.  Іс-шараға білім бөлімі қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде «Тілдерді оқыту орталығының» Сарысу аудандық бөлімше меңгерушісі  Айжан Андрахбаева баяндама жасап, 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз осы жылдар ішінде қандай белес-терден өтіп, мемлекет пен қоғамның дамуына қаншалықты ықпал еткені жайында ой толғады.

Қабылданғаннан бері 2007 және 2008 жылдары өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ел Конституциясы азаматтардың еркіндігі мен құқығын қорғаудың қалыптасқан мемлекетішілік механизмдерінің халықаралық-құқықтық формаларымен біртіндеп толықты. Еліміздің негізгі заңы уақыт сынынан өтіп, өзінің өміршеңдігін, орнықтылығын дәлелдеді. Конституцияда Қазақстан адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын демократиялық, құқықтық мемлекет деп көрсетілген. Қазіргі таңда адамдардың болашаққа деген көзқарастары орнықты, мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолына сеніммен қарайды. Ата Заңға арқа сүйеген Қазақстан саяси және әлеуметтік әділетті, экономикалық еркін ел ретінде іргетасын нығайта түсті. Конституция экономикалық реформаларға қарқын беріп, мемлекеттік құрылым мен қоғамдық қағидаттарды нығайтудың заң-намалық базасын құруды қамтамасыз етті. Аталған дөңгелек үстелде осы негіздегі мәліметтер келтіріліп, Ата Заңға деген сенім мен құрметтің тиісті дәрежеде болуына маңыз берілді.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.