Ата Заң мемлекет тірегі

0

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданған Конституция –мемлекетіміздің өркендеуіне қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді айқындайтын бірден-бір төлқұжат.

Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені күмәнсіз. Құқықтық-демократиялық зайырлы қоғам құру бағдарын ұстанған Қазақстан екі палаталы кәсіби Парламентін, биліктің жеке тармағы түріндегі әділетті сот жүйесін қалыптастырды.

Қолданыстағы Ата Заңымыз азаматтардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруларына сапалық және құқықтық негіз жасап, қоғамды одан әрі демократияландыруға кең жол ашты.

Мемлекетіміздің қоғамдық жұмысына белсене араласқан ерікті азаматтардың мемлекетке өз үлесі мен пайдасына қызмет жасамаған азаматтардан беделі жоғары тұрады. Өз азаматтарының құқығы мен жеке бас бостандығын жоғары қойған мемлекет күнделікті өмірде өзін барлық мемлекеттер арасында жоғары деңгейден көрсете алады.

Қазақстан мемлекетінде адам құқығы және бостандығының жоғары құндылығы құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасын реттеп отырады. Қазақстан мемлекеттік – құқықтық даму бағдарламасын халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы, мемлекеттің жоғары билік органдарына қадағалау жүргізіп, бақылап отырады.

Конституциямыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат болатыны анық. Бұған қол жеткізу үшін әрбір азамат Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, сақтауы қажет.

Конституция күні қарсаңында жас ұрпаққа отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу  әр азаматтың парызы.

А.Шымырбекова, аудандық соттың бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.