Егін шаруашылығын тиімді жүргізу

0

Өткен аптада аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалы,  Алматы облысының жеміс-жидек  дақылдар қауымдастығымен  бірлесе ұйымдастыруымен Жаңаталап ауылдық округіндегі «Жантөре-Саудакент» ЖШС-інде  «Танап күніне» сәйкес «көкөніс және аралас егін шаруашылығын тиімді жүргізудегі тәжірибе» атты оқу семинары өтті.

Семинарға аудан әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы С.Дариябеков, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық төрағалары, жас кәсіпкер жобасы бойынша оқып жатқан жастар қатысты.

Жиында аудан әкімінің орынбасары О.Көкей сөз сөйлеп,  ауданда ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Одан кейін сөз алған «Жантөре-Саудакент» ЖШС-нің төрағасы М.Шаханов семинарға қатысушыларға өз кәсібін қалай бастағаны туралы айтты.

— Біз басқарып отырған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2012 жылы құрылып, 2015 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Егін шаруашылығымен айналысамыз. Аудан бойынша тамшылатып суару  технологиясын қолдана отырып, пияз, жүгері егіп отырмыз.  Жыл ішінде 10 адамды тұрақты  жұмыспен қамтамасыз етіп,100 адамға дейін мерзімді жұмысшылар қабылдауға мүмкіндіктеріміз бар. 20- дан астам ауыл шаруашылық техникаларымыз бен қосалқы бөлшектері бар. Қытай Халық республикасынан әкелінген тамшылатып суару қондырғыларын пайдалану арқылы егістік алқабын өсірудеміз. Тамшылатып суғарудың өңірге аса тиімділігі суды үнемдейді. Нақтырақ айтқанда 2 гектар жерге кететін сумен 40 гектарға тарта жерді суғаруды қамтамасыз етіп отырмыз. Пияз, жүгері өсіремін деген азаматтар болса біз кеңес беруге дайынбыз,-деді.

Семинарда ісін жаңадан бастап келе жатқан жеке кәсіпкерлерге «Жантөре-Саудакент»ЖШС-нің төрағасы М. Шаханов әр түрлі тұқымдас жүгері,қауын, қарбыз пияз секілді бақша дақылдарын көрсетіп, тамшылатып суғару  технологиясымен таныстырды.  Егіс алқабындағы  заманауи техникалардың диханшыларға тигізер пайдасына тоқталды.

Семинар соңында практикалық және теориялық тұрғыдан семинарға  қатысушыларға  Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалы  сертификаттар тапсырды.

Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.