Аудан әкімі Қ.Мәдібектің Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған құттықтауы

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Егемен еліміздің айшықты айғағы болған Ата заң — Тәуелсіздіктің бізге жасаған теңдессіз тартуы.

Баршаңызды осы Ұлық мереке — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде, халық — биліктің қайнар-көзі болса, Конституциямыз — көптің арқа сүйер киелі сөзі болып отыр. 

Өз Конституциясын қабылдау арқылы Қазақстан өзінің болашақ даму жолын түпкілікті анықтап, әлемге өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жария етті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы — бүкіл Қазақстан халқы» екендігін атап көрсетті. 

Ендеше, халықтың қалауымен өмірге келген негізгі Заңымыз — әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болып табылды.

Ата Заңымыздың аясында тарихи табыстарға қол жеткіздік. Әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде қарым-қатынас  қалыптастырдық. Қазақстан даңқын әлемге паш етіп, озық отыздықтың қатарына қосылуға бет алды.

Ауданымызда да бірқатар игі шаралар атқарылуда. Жылда босаған көпқабатты үйлер қалпына келтіріліп, ел игілігіне берілуде. Қала және ауыл ішіндегі көшелер ретке келтіріліп, аймақтарымыз  сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жел электр станциясы құрылысы басталып, табиғи газ тартылуда. Әлеуметтік нысандар мен жаңа демалыс орындары бой көтеріп, ауданымыз ажарлана түсуде.

Осынау игілікті істер мен жеткен жетістіктеріміз тұғыры биік  Конституциямыздың арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Елбасының алға қойған міндеттерін кезең-кезеңімен шешуіміз аудан экономикасының қазіргі дамуына әкеліп отыр. Мұнда әрбір сарысулық азаматтың еңбегі бар. 

Осы орайда Ата Заңды ардақтау- келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы екендігін ұғынуға болады.

Қымбатты сарысулықтар!

Сіздерге бейбітшілік пен береке, амандық пен саулық тілеймін!

Бірлігіміздің мызғымастығына, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығына арқау болған Ата Заңымыздың  айбыны арта берсін!

Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай!

Ата Заңымыздың мәртебесі биік, мәні ұлық болсын!

Конституция-тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы

 

Еліміздің ең басты мерекелерінің бірі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сонау 1995 жылы халқымыз жалпыхалықтық референдумда дауыс беру арқылы еліміздің  негізгі Заңын қабылдап, Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет деп жариялады. Конституция — тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі.

Конституция – болашақ табыс-тар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Сондықтан, Заң бойынша өмір сүру және Заңды құрметтеу- әр азаматтың борышы. Конституциямыздың пайдасы ТМД шеңберінде, сондай-ақ халықаралық аренада танымал болып, өз беделін көрсетті.

Бүгінде Қазақстан демократия-лық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді.

Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.

С.Бегеев, аудандық мәслихат хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.