ӨНЕР КҮНДЕРІ АТАЛЫП ӨТТІ

0

Мәдениет – ең алдымен ол жәдігерлік. Оны келешек ұрпаққа жеткізушілер– зиялы қауым өкілдері. Ал мәдени шаралар ұлт пен ұлысты ұйыстырып, күллі халықтың бар жақсысын паш етеді. Бүгінде әні мен күйі үзілмеген текті жерде мәдениеттің мәйегі сақталып, қазақылықтың қаймағы қалыптасқан Сарысу жері киелі мекен.

Жамбыл облысының 80 жылдығы мен жас-тар жылы аясында  «Ұлы Дала ойындары» мен қазақ күресінен жалауы желбіреген «Қазақстан барысы» турнирі, көптеген игі шаралар өткізілуде. Ауылдар мен қаламызда концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, мәдени шаралар кең көлемде аталып өтуде. Осыған байланыс-ты,  Жаңатас қаласының 50 жылдығына арналған «Жаңарған Жаңатасым» атты Жаңаталап ауылдық округінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер күндері  аталып өтті.

Шарада ауылдық округ әкімі Н.Ахмағанбетов құттықтау сөз сөйледі:

-Облысымыздың 80 жылдығы және Жаңатас  қаласының 50 жылдық мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен  нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,батыл шешімдерге құралған маңызды құжат. Биыл «Жас-тар жылы» аясында ауданда және ауылдық округтерде көптеген игі істер атқарылуда,- деді.

Мерекелік кеште қазақтың ою-өрнектері, ер тұрман, зергерлік бұйымдар, аң терілері көрмеге қойылып, халық назарына ұсынылды.Сонымен қатар, бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың үлгісін көрсеткен қазақ халқының арғы-бергі тарихы жазылған кітаптар көрмеге қойылды.Сондай-ақ,  мың бұралған   бишілер тобы мен ауылдық округтің  күміс көмей әншілерінің өнерлері көрермен көңілінен шықты.Кеш соңында қала тұрғ ындары көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.