Сынап едік, жауап келді

0

2019 жылдың 6 шілдеде №72 «Сарысу» газетінде «Су айдындарындағы қауіпсіздік назарда ма?» мақала шыққан болатын. Онда жүзу білетін қоғамдық құтқарушыларды ұйымдастыру мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі арқылы 20 қоғамдық жұмысшылар бөлу жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөліміне сұраныс хат жіберіліп, шілде айынан бастап аталған мекемемен 5 адаммен келісімшарт жасау жоспарланған болатын, бірақ, бүгінгі күнге дейін қоғамдық жұмысшылардың жоқтығына байланысты, бірде бір адам бөлінген жоқ.

«Ақтоғай» өзеніндегі, «Ынталы» су қоймасындағы және Шығанақтағы үлкен Қамқалы көлінің ескерту тақтайшаларын қайта жаңарту жөнінде тиісті мекемелерге хаттар жолданды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан қалалық жағажайдағы орналасқан «Жедел құтқару жасағы» ММ-не қызметтік тексеру жасалынды. Тексеру барысында анықталғаны:

— 25 шілдеден бастап «Жедел құтқару жасағы» ММ штат бойынша толық толықтырылды, осыған байланысты, кезекшілікте бір ғана кезекші емес 2-3 құтқарушы кезекшілікке түседі;

— 20.00-ден кейін түнгі мезгілде мықты прожекторлардың болмауына байланысты қауіпсіздік шараларына мүмкіндік болмай отыр;

— «Жедел құтқару жасағы» ММ-де 4 ай бойы электр қуатының болмауына байланысты, ескерту алған азаматтардың аты-жөндері жазылатын арнайы журналдар және т.б. құжаттар мекеменің басшысы М.Есентаевтың үйінде және өткен іс-шаралардың фотосуреттері жеке компьютерінде сақталғаны анықталғанын хабарлаймын.

А.Даулбаев, Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.