ЛИЗИНГТІК ЖОБАНЫ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

0

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18105 болып тіркелді.

РҚАО-ның ескертпесі!

Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілді.

6-тарау. Тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар бойынша инвестициялық субсидиялаудың жекелеген шарттары:

  1. Инвестор жабдықты/техниканы кредитке/лизингке сатып алуды жоспарланған жағдайда инвестициялық субсидияларды қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлеммен аударуға жол беріледі.

Субсидияларды қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлеммен аудару тетігін қолдануға арналған өтінімді жұмыс органы екі кезеңді рәсімді қолданбай қарайды.

Ескертпе: Техника мен жабдықтардың бір бірлігі мынадай шаруашылықтар үшін   субсидияланады:

Етті мал шаруашылығында – аналық басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар; қой шаруашылығында және ешкі шаруашылығында – аналық басы 300 бастан басталатын шаруашылықтар;

жылқы шаруашылығында және түйе шаруашылығында – аналық басы 100 бастан  басталатын шаруашылықтар. 27 айға дейінгі жастағы ірі қара малдардың аналық мал бастарын субсидиялау экспорттаушы елмен берілген, экспорттық сертификаты немесе сұрыптау тізімдемесі болған кезде мүмкін болады. Бір түрдегі техниканың келесі бірлігін субсидиялауға жануарлардың жалпы саны 250 шартты басқа артқан кезде рұқсат етіледі. Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының санын субсидиялауға өтінім берген сәттегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор арқылы оператор айқындайды. Оператор куәландырған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірмені оператор инвестордың өтініміне қоса береді (толығырақ adilet.zan.kz  сайтынан қарай аласыздар).

АШМ ауыл шаруашылық техникасын лизингке пайыздық мөлшерлемелерді 10 % шетел валютасында жылдық 2% сондай – ақ инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу үшін инвестициялық субсидиялар береді (ауыл шаруашылық техникасының құнынан 25 % өтемақы төленеді). Сонымен бірге өңірлік  қаржы ресурстары есебінен облыстық әкімдіктер (35%-ға дейін) отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасының субсидияларын тәуелсіз түрде көбейте алады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің деректері бойынша биыл «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ несиелендіруге бюджеттік қаражат бөлінді, одан кейін отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде автобус, тракторлар мен комбайндарды жалға беру бойынша «БРК-Лизинг» АҚ несиелендіруде. Қаржыландырудың  жалпы сомасы 13 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде отандық өндірістегі комбайндар мен тракторларды қаржыландыру-3 млрд. теңге. Осы жобаларға қызығушылық танытқан ауыл шаруашылық тауар өндірушілері болса аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне 6-26-33 телефон нөміріне хабарласуына болады.

С.Ыдырыс, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.