ПІКІРЛЕР ТОҒЫСЫ

0

Жауапкершілік артатын болды

Теледидардан Нұр-Сұлтан қаласында өткен тамыз конференциясын мұқият тыңдап, баспасөзде жарияланған мақалаларды ұжым болып оқыдық. Биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында бала бағбаны ұстаздар үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсетін болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында үкіметке осындай тапсырма берді. Жоспар 4 жыл ішінде жүзеге асырылады. Жиынның ең басты, әрі жағымды жаңалығы да осы болды.

Сондай-ақ, енді мұғалімдерге сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақша төленетін болды. Ал, еңбек демалысы 56 күнге дейін созылады. Мәртебесі, жалақысы өскен мұғалімнің жауапкершілігі де артады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуға шақырды. «Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгерілеуіміз керек. Сондықтан білімі мен ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті»,-деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Жас маман» жобасының жүзеге асырылуын, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту жұмысын пысықтау, сондай-ақ, үш ауысымды және шағын комплектілі мектептер мәселесін шешу қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігіне үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісін қайта қарауды тапсырды. Аталған мәселе оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Ұстаздар қауымы биылғы оқу жылын ерекше серпінмен бастағалы тұр. Мемлекет басшысының конференцияда айтқан сөздері мен қолдаулары біздерге ерекше күш-жігер сыйлайды.

Жансая Жақып, Абылай хан атындағы мектеп лицейінің оқытушысы

Фундамент стабильности

Самый принципиальный и давно дебатируемый вопрос о статусе учителя. Потому что именно от учителя и только от него зависит успех всех реформ в системе образования. Более того, как сказал Президент, от этого зависит уровень конкурентоспособности нации. Для решения этой задачи он предложил комплекс мер, затрагивающих и вопросы материального обеспечения труда учителя, снижение нагрузок, установление запрета на привлечение к несвойственным функциям, предоставление чрезмерной отчетности, проведение необоснованных проверок. Одним словом, предлагается убрать все, что мешает непосредственной работе школьного педагога и в корне способствует улучшению условий жизни и труда учителей. Как я уже заметила, рассматриваемое выступление президента Касым-Жомарта Токаева на августовском совещании учителей имеет все шансы войти в историю отечественной системы образования как та самая веха, после которой может начаться процесс ее качественных изменений. Я уверенна, что в этом утверждении нет ни капли преувеличения.  Уже в первые часы после обнародования доклада главы государства, я стала свидетелем того, как бурно и радостно обсуждалось в коллективе нашей школы каждое слово. Педагоги нашей школы это люди, которые много лет трудятся на ниве народного просвещения и с которыми я уже не один год обсуждаю проблемы отечественной школы.

Р.Камбарбаева, директор школы – гимназии имени М. Ауезова.

Жаңа оқу жылында жаңа бағыт

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Тамыз  конференциясын мұқият тыңдап шықтым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаңа буынды тәрбиелеудегі мұғалімдердің рөлін атап өтті. «Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу – педагогтардың және ата-аналардың міндеті. Лайықты азамат – бұл өз білімін Отанымыздың игілігі үшін жұмсайтын адам. Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жастарымыз еңбекқор болмаса, ешқандай бәсекеге түсе алмайтынын терең түсінуі керек», – деді.

Президент мұғалімдердің біліктілігін бағалау идеясын жүзеге асырудағы бюрократия мен біржақтылыққа, сондай-ақ оқытушылардың өз кәсібінен тыс түрлі іс-шараларға тартылуына қатысты сыни көзқарасын білдірді. Бұдан бөлек, Президент барлық білім беру бағдарламалары мен стандарттарын бір деңгейде әзірлеп, қала және ауыл балаларының білім деңгейіндегі алшақтықтарды жоюды және тұрғылықты жері мен ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беруді тапсырды.

Мемлекет басшысы ғылымды қаржыландыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттілігіне баса мән берді.

 Б.ТӘжібаев, Шағалалы негізгі мектебінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.