ОТАНДЫ ҚОРҒАУ- АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

0

Қазіргі таңда Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде аудан әкімі бекіткен кезекті күзгі әскерге шақыруға дайындалу іс-шараларының жоспары құрылған. Әскерге шақыру басталғанға дейін бұл жерде білім деңгейі, моральдық-іскерлік сапалары мен денсаулық жағдайы бойынша белгіленген әскер түрлері мен тектеріне және басқа да әскери құрылымдарға тағайындалатын әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай, Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Асан Есенғалиұлы Пшаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

-Асан Есенғалиұлы, күзде әскерге шақыру жасындағы азаматтар және көктемгі әскерге шақырудағы бөлімнің  облыс бойынша көрсеткіші қандай және Қарулы Күштердің түрлері мен тектеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына тағайындау кезінде азаматтардың өндірістік біліктілігі мен мамандығы, олардың денсаулық жағдайы ескеріледі. Осы жайында айтып өтсеңіз?

–Жаңатас қаласының Қорға-ныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі көктемгі әскерге шақыру жасақты  100% орындады. Көктемгі әскерге шақырудағы біздің бөлімнің көрсеткіші Жамбыл облысы бойынша алдыңғы қатарда екендігін айта кету керек, сондықтан болашақта күзгі әскерге шақыруды да осылай жоғары деңгейде өткізу жоспарлануда.

Біріншіден техника шығару және жөндеуге қатысты ұйымдарда жұмыс істейтін әскерге шақырылушылар сәйкесінше әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі. Екінші режимді және арнайы бөлімдерді жасақтау үшін алдын ала көрсетілген командаларға іріктелген әскерге шақырылушылар жіберіледі. Үшінші құрлық әскерлерін  жасақтау үшін ортадан төмен емес білімі бар, дене дамуы жақсы, бірінші кезекте спортпен айналысатын-парашютші әскерге шақырылушылар арасынан іріктеп алынады.

Төртінші мемлекеттік күзет қызметін жасақтау үшін басым тәртіпте дене даярлығы жақсы, ортадан төмен емес білімі бар, бойы 180 см.  жоғары әскерге шақырылушыларды іріктеу жүзеге асырылады. Бесінші жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар олардың білімі мен әскери дайындық бағытына жақын мамандықтар бойынша оқу бөлімдеріне жіберіледі. Алтыншы математикалық, физикалық және инженерлік-экономикалық факультеттерді аяқтаған әскерге шақырылушылар радиотех-никалық, зенитті-ракеталық бөлімдерге, Қазақстан Рес-публикасы Қарулы Күштері түрлерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының байланыс бөлімдеріне жіберіледі. Жетінші медициналық және фармацевтикалық факультеттерді аяқтаған әскерге шақырылушылар сәйкесінше кіші медициналық персонал лауазымдарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына барады. Сегізінші  маман-сарбаздарды әзірлеу үшін оқу бөлімдеріне іріктеу қатаң түрде жекелеген тәртіппен жалпы ортадан төмен емес білімі бар және жоғары моральдық сипаты бар әскерге шақырылушылар арасынан жүргізіледі. Оқу бөлімдеріне іріктеу кезінде, сондай-ақ олар әскерге шақыруға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

-Алдағы әскерге шақырудың жаңашылдығын да тілге тиек етсеңіз?

-Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 387 бабы әскери қызметтен бас тарту.Әскери қызметтен бас тарту, сол қызметтен босату заң қағидаларына сәйкес болмаған жағдайда жазаланады: 200-ден (екі жүзден) бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе  сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

-Асан Есенғалиұлы қазіргі кезде қандай бағыттарда жұмыстар жүргізудесіздер?

— Әскери жиындарға  40 жасқа дейінгі әскери міндеттілер шақырылады, бұлайша біз өз уақытында мерзімді әскери қызметке шақырылмаған, әскери даярланған азаматтардың санын көбейте аламыз. 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлерді 2 жылға келісімшарт бойынша әскери қызметіне іріктеудеміз. Әскери жиындарға запастағы офицерлер де жіберіледі. Атқыш  мамандықтары бойынша ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектеп» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тараз қаласындағы филиалында қайтарымды негізде даярлануда. Оқу ақысы – 263 318 теңге. Мұнда үш реттік ыстық тамақ, киім-кешек, оқу үрдісіндегі (жаттығу атуларын өткізу мен жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету) және казармада тұру шығындары кіреді.Оқу үшін жиырма төрт- жиырма жеті жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды немесе денсаулық жағдайы бойынша шектеулі жарамды, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы бар әскерге шақырылушылар қатыстырылады. Оқу аяқталған соң олар әскери міндеттілер есебіне ауыстырылып әскери билеттерін алады.

-Әскери оқу орындарына үміткерлер іріктелуде осы жайында түсіндіріп берсеңіз?

— 2020 жылы Қазақстан Рес-публикасы министрлігінің әскери оқу орындарына ниет білдірген азаматтар мына оқу орындарына қабылданады.

Айта кететін жай, оқу ақысыз 100 пайыз мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, Кадет корпусына және Ақмола облысы Щучинск қаласы Кадет корпусына ҰБТ нәтижесі керек емес. Жоғары әскери оқу орындарына және Кадет корпусына қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.

Бастапқы іріктеу кезеңі-Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландыру және ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу (өтініш (баянат) беру орны бойынша);

І кезең-қабылдау жылының 20 – 30             шілдесін қоса алғандағы кезеңде Әскери оқу орындарына өткізілетін алдын ала кәсіби – психологиялық іріктеу.

ІІ кезең-қабылдау жылының 20 – 30 шілдесін қоса алғандағы кезеңде дене дайындығын тексеру. ІІІ кезең-қабылдау жылының 1 – 10 тамызды қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін Әскери – дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру.ІV кезең – қабылдау жылының 11-19 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін түпкілікті кәсіби – психологиялық іріктеу. V кезең-қабылдау жылының 20-21 тамызын қоса алғандағы кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау. Қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

-Келісімшарт бойынша әскери қызметіне мерзімді әскери қызметін өткерген және әскери-оқытылған резервін дайындау бойынша қандай азаматтар шақырылады?

-Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі керек. Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы, курсанттардан басқа адамдар, 19 жастан кіші болмауы және әскери атаққа байланысты әскери қызметтегі шектік жастан бес жасқа кіші мерзімнен аспауы,тиісті әскери қызметтің әскери-есепке алу мамандығына ие болуы;

Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымда-рында әскери-оқытылған резервін дайындау бойынша әскери дайындықтан өтуі.Келісімшарт бойынша әскери қызметке мына мамандықтарға қабылданады.Солдат, матростар, сержанттар және старшиналар. Мерзімді әскери қызметті аяқтаған және орта кәсіби білімі бар солдаттар, матростар, сержанттар және старшиналар прапорщик немесе мичман лауазымына келісімшартқа отыра алады.

-Келісімшарттық қызметке қабылдау рәсімі қандай кезеңдерден тұрады және қандай қажетті құжаттарды жинауға болады?

-Медициналық куәландыру-дан өту, дене дайындығы деңгейінің сәйкестігін анықтау және кәсіби дайындық деңгейін анықтау психологиялық жарамдылыққа тексеруден өту.

Келісімшарттық қызметке кіруге қажетті құжаттар тізімі. Өтініш, анкеталық мәліметтер, жеке жазылған автобиография, жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұс-қасы және көшірмесі, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі, соттылығы болмағандығы туралы анықтама тағы басқада құжаттар жатады.

Келісімшарт бойынша Әскери қызметіне ниет білдірген азаматтар Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келіп өтініш білдірсе болады. Қазіргі таңда Тараз, Гвардейский, Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов, Қапшағай горнизондарына іріктеу жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлаймын.

-Маңызды сұхбатыңызға рахмет.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.