Қоғамдық жиналыс өтті

0

Жуырда қалалық әкім аппаратында Жаңатас қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық жиын өтті. Жиынға қала әкімі С.Мамытов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша комиссия мүшесі  Қ.Мұқатов «Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге 2019 жылы бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау»  туралы  хабарлама жасады. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қала әкімі С.Мамытов Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  талаптарына сәйкес жұмсалған қаржыға жасалған мониторингтің мақсатын жеткізіп, жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп – жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарылып, қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданатынын айтты. 

Одан кейін сөз алған  қала әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімше басшысы М.Әбділбәсіл «2019 жылға жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелері туралы» хабарлама жасады.   Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты жергілікті қоғамдастық жиналыс өкілдері бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Басқосу барысында қала әкімі С.Мамытов айтылған ұсыныс-пікірлерді талқылап, тиісті жауаптар беріп, қаралған мәселелердің қорытындылары, айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп тиісті хаттамамен бекітілетінін айтты.

С.Есқараев,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.