САЛЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

0

2019 жылы 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің берген тапсырмасы бойынша жеке тұлғаларға негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізу жүктелді.

Жоғарыда берілген тапсырмаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентімен қаржы нарығын реттеу және дамыту, шағын қаржы іс-әрекеттері мен қолма-қол есеп айырысу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексін) жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты жүргізу көзделген туралы толықтырулар енгізілген.

Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы       1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады.

2019 жылдың 3 шілдесінде Елбасшысымен қабылданған Заңға қол қойылғанын және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетінін атап өту керек.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығының жобасы әзірленіп, келісу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жоғарыдағыны ескере келе, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары-Қазақстан Республикасы  Қаржы министрімен бекітілген 2019 жылғы 9 шілдедегі жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу жұмыстары бойынша Жол картасы орындалуға жіберіледі.

О.Тоқтарбеков, Сарысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Әлеуметтік көмек-қоғамның зор парызы

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қамқорлықта болуын қамтамасыз ету-мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды тетіктерінің біріне айналып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, барлық санаттағы мұқтаж жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің ауқымы артатындығын айтқан болатын.

«Үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік тапсырыстарды орындау үшін (Халықтың әлеуметтік  тұрғыда әлсіз топтарына арнайы үйде  қызмет көрсету бойынша) 2019 жылдың қаңтар  айында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі конкурс жариялап осы конкурстың жеңімпазы «Сарысу аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі атанды.

Бірлестігіміздің  6 әлеуметтік қызметкері 33 мүмкіндігі шектеулі  азаматқа, оның ішінде 19 мүгедек балаға және 18 жастан асқан 14  мүмкіндігі шектеулі жандарға  үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қоғамдық бірлестіктің жыл ішінде атқарған жұмысына тоқталып өтсек.

«FT$M» ЖШС-нің басшысы М.Тулепбековтің демеушілігімен «Нысана» театрына 5 мүмкіндігі шектеулі азаматқа билет  берілді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Г.Мутляпованың демеуімен  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 18 мүгедек әйелге азық-түліктер таратылды. Демеушілік көрсеткен барша мейірімді жандарға  көмекке мұқтаж азаматтар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. «1 маусым-Халықаралық балаларды  қорғау»  күніне орай  «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, «Сарысу аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінен қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі азаматтар би, ән, шахмат, сурет және қолөнер номинациялары бойынша сынға түсіп жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз атанған жандарға аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға  жоспар бойынша күнделікті  қажетті қызмет түрлері көрсетіледі. Әр тоқсан сайын  қызмет алушыларға мониторинг жасалып, бақылауда болады.

Ж.Дөненбаева, «Сарысу аудандық «Шапағат» мүгедектер қоғамы»

қоғамдық бірлестігінің басшысы

Арамшөпті жою жолдары

Қазақстан Республикасының  азық-түлік бағдарламасының  ең басты негізгі мақсаты мемлекетімізде ауыл шаруашылық өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар отандық өнімнің бәсекелесу мүмкіндігін көтеру, отандық өнімді өндірудің көлемін ұлғайтып ішкі және сыртқы рынокта сату, сырттан  келетін азық-түліктің көлемін кеміту.

Ауыл шаруашылық  дақылдарын өсіру технологиясында, жоғары және сапалы өнім алу үшін дақылды зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау маңызды сала болып табылады.

Егістіктегі арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдардың өсіп-өнуіне тигізетін зияндылығы орасан. Арамшөптер мәдени дақылдарға қарағанда өзінің өміршілдігімен ерекшеленеді. Кеңінен таралған ақ алабұта, шырмауық, көк гүл кекіре, ошаған, қамыс, мысыққұйрық, атқұлақ, жырық, жусан, мия және т.б. арамшөптер күшті тамырлар арқылы топырақ қабатындағы ылғалдылықты және қоректі заттарды мәдени дақылдарға қарағанда 1,5-2 есе көбірек сіңіріп, тез бой алып, дақылдарға көлеңке түсіріп, еркін өсуіне кедергі жасайды.

Биыл көктем мезгілі жауын-шашынды болуына байланысты арамшөптердің өніп-өсуіне және жоғары көлемде таралуына қолайлы болып тұр. ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» ММ Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалы мамандарының биылғы 2019 жылғы ерте- көктемгі, көктемгі-жазғы тексеру жұмыстары бойынша күздік бидай, көпжылдыққа шөп, мақсары, арпа егістік алқаптарындағы арамшөптің басылуы, былтырғы жылдан жоғарғы дәрежеде анықталды. Осыған байланысты әр жер иелері арамшөптерге қарсы іс-шараларын ұйымдастыру қажет.

Агротехникалық шаралар: ауыспалы егіс жүйесін сақтау, топырақты уақытында өңдеу, тұқымды тазалап себу және жеңіл ауыр тырмамен тырмалау, егістік бойындағы және су арықтарының жағалауындағы арамшөптерін шауып тастау керек. Сонымен қатар, арамшөптерге қарсы арнайы улы химиялық препарат гербицидтерді пайдалану арқылы жою.

Қазақстан Республикасының территориясында рұқсат етілген препараттарды қолдану қажет. 2,4 аминді тұз қолдану мөлшері 0,85-1,4 л/га. Луварам с.қ. 50% 1,5-2 л/га. Диален супер 0,5-0,7 л/га. Клинч 100. 10% э.к  (0,6-0,9 л/га). Авецид супер 12% э.к. (фенокосапропп – этил) ( 0,5-0,75л/га). Топик 0,80. э.к. (0,4-0,4л/га).

Масақты дақылдарға түптенуден түтіктенгенге дейін қолдану тиімді. Өйткені бұл кезде дәнді дақылдар улы химикатқа шыдамды келеді де арамшөптерге тез әсер етеді.

А.И.Қыланов, ҚР  АШМ АӨК МИК   «РФД және БӘО»

ММ Сарысу  аудандық филиалының  маманы

Огонь не прощает ошибок

Огонь был и остается одним из самых главных несчастий, которые могут постигнуть человека и общество в целом. Никакой вор не сможет так быстро и «эффективно» лишить человека его имущества, как пожар. Те, кому пришлось хоть раз побывать на настоящем, большом пожаре, никогда не забудут чувство отчаянного бессилия, которое охватывает человека перед могучей и яростной огненной стихией. В ста метрах от горящего дома стоять невозможно — а как тогда с этим бороться и возможно ли вообще?  Огонь пожирает все — дерево, бетон, металл, человеческие тела.

И очень печально, что никакие правила и инструкции не будут действовать на человека, если он сам, душой и умом не осознает опасность, которая, как доказывает жизнь — всегда рядом с нами.

В связи с чем, во избежание пожаров и других несчастных случаев убедительно просим Вас строго соблюдать правила пожарной безопасности. При возникновении пожара немедленно сообщите по телефону «101».

Н.Кудербай, старший инженер ОЧС Сарысуского района

Медициналық сақтандыру қоры

Маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд. теңгеге жетті.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Қорға 186,2 млрд. теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,3% немесе 177,4 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 4,7% немесе 8,8 млрд. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,9% құрады.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банк-те сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.