Бабын тапсаң, береке-бақта

0

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен тұңғыш рет облыстың барлық аймақтарында «LEMON, GRANATE», жүзім және бадам өсіру бойынша оқыту семинарлары өткізілуде. Осыған орай апта ішінде №5 Жаңатас колледжінде  Жамбыл  облысы кәсіпкерлер палатасынан құралған топ мүшелері ауданымызға келіп, кәсіпкерлермен кездесті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары О.Көкей, қала, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, жеке кәсіпкерлер  қатысты.

Басқосуда облыстық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешенінің бөлім басшысы Е.Ділдабеков сөз алды:

-Жобаның мәні — ауыл тұрғындарының жер учаскелерін тиімді пайдалану және ауыл тұрғындарының кірістерінің артуы. Осыған орай, Палата Жамбыл облысының климаттық жағдайына сәйкес келетін, жеке үй учаскелері мен таңдалған биік аудандар үшін әлеуетті ауыл шаруашылық қызметінің тиімділігіне талдау жасады. Семинардың мақсаты жергілікті және шетелдік сарапшы мамандармен жұмыс жасап, халықты лимон, бадам жеміс талдарын, көкөніс түрлерін егуді  үйрету.  Біз жалпы кәсіпкерлерді оқытуды жоспарлап отырмыз,-деді.

Одан кейін сөз алған Түркістан облысынан келген сарапшы Серғазы Бекмұрат өз тәжірибесімен бөлісті.

-20 жыл уақыт ішінде лимон өсірумен айналысамын. Лимон Қазақстанның барлық өңірлерінде өседі. Минус 9 градусқа шыдамды лимонның әр талы 100 келі өнім береді.  Жылыжай салып лимон өсіремін деген азаматтар болса біз кеңес беруге дайынбыз,-деді.

Одан кейін сөз алған Өзбекстан Республикасынан келген  тәжірибелі маман Машал Хушвакт Жамбыл өңірінде бақша дақылдарын егуге қолайлы екенін жеткізіп, жұмысын жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге кеңес беретінін жеткізді.

Жиын соңында жиынға қатысушылар сарапшы мамандарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.