Экспедициялық топ-АУДАНЫМЫЗДА

0

Шілденің 22-26 күндері аралығында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырмасы бойынша, облыс көлемінде «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи – танымдық экспедиция өткізілді.

Аталған экспедиция Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық танымдық мақаласының аясында, 2019 жыл – Жастар жылына орай ұйымдастырылуда. Экспедицияның мәнісі, әр аудандарда құрылған арнайы экспедициялық топ басқа аудандарға барып,сол өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштерімен, мәдениеті және өркениетімен, сол өңірден шыққан белгілі, ұлт тағдыры үшін араласып, тарихта есімі қалған ұлы тұлғаларымен танысу, сонымен қатар, жер-су атауларына, тарихи оқиғаларына қатысты аңыз – әңгімелерді жинақтау, сол өлкенің өлкетанушы, тарихшылармен кездесіп, архив пен кітапханаларда жұмыс жасау.

Тарихы терең, киелі Сарысу жеріне Тараз қаласының жастарынан құралған топ сапар шегіп, 22 шілде күні ауданымызда өздерінің экспедициясын бастады. Оларды Сарысу ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филолог, өлкетанушы П.Дүйсенбин, аудандық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы Г.Боранбаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Жұмағұл қонақтарды белгіленген кесте бойынша аралатып таныстырды.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.