Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық

0

Егін науқаны кезінде тек қана егінді жинау ғана емес, оны егіннің қауіпті жауы өрттен қорғау мен сақтау да аса маңызды мәселе. Осындай өрттерге жол бермеу мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтағандарыңыз жөн. Масақты астық алқабының пісуі алдында оның орманды алқаптарына, далалық жолақтарға, автокөлік және темір жолдарға жалғасқан жерлерінде ені кемінде 4 метр болатын жер жырту жұмыстарын жүргізіңіз. Ауыл шаруашылық техникалары механизмдерінің дұрыс істеуін қадағалаңыз. Автотехникаларға жанар-жағар май құюды тек қана арнайы белгіленген алаңдарда өткізіңіз. Егін алқаптарында темекі шекпеңіздер. Егін алқаптарында от және егін қалдықтарын жағуға жол бермеңіздер. Шөптер мен сабан жиналған орындар аумағында қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын қадағалаңыз. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы «101»-ге хабарлаңыздар. Есте сақтаңыздар. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау-әркімнің міндеті мен борышы.

Жемшөптерді жинайтын жерлерді ұстау тәртібі

Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.

Жол берілмейді:

— қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;

— электр жеткізу желілерінің астына жинауға;

— учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;

— көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.

Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырларды радиатордың астынан шығарылған ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады. Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.

А.Даулбаев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.