Құрыш қолды құрылысшылар еңбегі

0

Мекемеміздің негізгі функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» Заңының аясында сәулет-құрылыс саясатын аудан көлемінде жүргізу.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен тамыз айының екінші жексенбісі «Құрылысшы күні» болып бекітілген. Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. Елбасы басымдық сипатын айқындаған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асуы да кемел ойлы осы мамандық иелеріне тікелей байланысты екені сөзсіз.

Құрылыс нысандары қала және аудан елді мекендерінің бас жоспарлары негізінде іске асырылатындықтан, бүгінгі таңда аудан көлеміндегі барлық елді мекендердің бас жоспарлары толығымен қамтылды.

2019 жылдың құрылыс жұмыстары бойынша, аудан көлемінде 6 нысанда құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, сонымен қатар көріктендіру жұмыстары да атқарылуда. Бұл жұмыстарда 150-ден аса еңбеккерлер жұмыс атқаруда.

Атап айтқанда, Қызылдихан ауылына ауыз су жүйесінің құрылысы, жобаның жалпы құны 162400,0 мың теңге, келісімшарт бойынша нысан құрылысының аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айы.

Арыстанды ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы, жобаның жалпы құны 174 млн.теңге, келісімшарт бойынша нысан құрылысы қыркүйек айында аяқталады. Бүгінгі күні су ұңғымаларына ауыз су құбыры және электр желілері тартылуда. Сонымен қатар Жаңаталап ауылдық округі Ұйым ауылындағы Ы.Сүлейменов атындағы орта мектебіне жанама спортзал құрылысы қыркүйек айында аяқталып, уақытында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жаңатас қаласындағы кәріз желілерін қайта жаңғырту, түзету нысаны бойынша, келісімшарт негізінде нысан құрылысының аяқталу мерзімі 2019 жылдың қазан айы және Жаңатас қаласының кезекте тұрған азаматтарын үймен қамтамасыз ету жұмыстары атқарылып келеді. Атап айтар болсақ қаладағы 1- шағынаудан №9 үйді және 2-шағынаудан №29 үйді қайта жаңғырту нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Аталған нысанның құрылысын биыл аяқтау бағытында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар Жаңатас қаласындағы көшелерді жөндеу (асфальт салу), жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде және өндірістік ірі жобалар да іске асырылуда.

Елді мекендермен қоса Жаңатас қаласында дамыту жұмыстары айтарлықтай атқарылуда. Сонымен қатар келер жылдары құрылыс, қайта жаңғырту жөндеуден өткізуге бағытталған 4 нысанның (1 ш/а №41, 47, 2 ш/а №35, 36) жобалық-сметалық құжаттары  әзірленуде және Әулие-Ата көшесін қайта жаңғырту, көше бойын көріктендіру, елді мекендерді газдандыру, тұрғын-үйлерді қалпына келтіру және басқа да нысандардың құжаттары аудан басшысы ұйытқысымен дайындалуда.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың жүруіне жобалаушылар, техникалық бақылаушылар, сарапшылар құрылыс бағыты бойынша ауданымыздың бағдарлама әкімшілер қызмет атқаруда. Яғни ауданымыздың құрылыс саласының дамуына үлестерін қосып келеді.

Елімізде, жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісі  «Құрылысшылар күні» мерекесі болып аталып өтіледі.

Осы мереке қарсаңында құрылыс саласының ардагерлерін, еңбек майданында жүрген құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын.

Еліміздің, ауданымыздың көркейіп-өсуіне атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс, жанұяларыңызға құт-береке, баянды бақыт, денсаулықтарыңызға саулық, өнегелі өмір тілеймін.

 Д.Шалбаев, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы

және құрылыс бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.