Грантты жеңіп алды

0

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауларында кәсіпкерлікті одан әрі ілгері бастыруға зор маңыз берді. «…шағын және орта бизнесті дамыту-ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» деп атап көрсетті.

Алға қойылған міндеттерге орай біздің ауданымызда да нақты жұмыстар атқарылуда. Өркендеу үрдісімізде кәсіпкерліктің рөлі арта түсті.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру конкурсы ұйымдастырылған болатын.

Ауданымыздан қатысқан 56 жас кәсіпкерлердің арасынан 20 жас кәсіпкердң бизнес жобасы қолдау тауып, грант жеңімпазы атанды. Олардың ішінде құс өсіру тауық және бөдене шаруашылығы, түйіршіктелген құрама жем өндіру, құрылыста пайдаланылатын қолғап өндіру цехы, зығыр майын өндіру, көкөніс өсіру үшін жылыжай құру жобалары бар. Жалпы 35 500 000 теңгенің грантын иеленді. Ауданымыз грант жеңіп алудан облысымызда екінші орын иегері атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.