Байқауға қатысыңыздар

0

Ағымдағы жылдың 12 тамызында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтеді. Осыған орай, байқауға қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдері төмендегі талаптарға сәйкес ағымдағы жылдың 9 тамызына дейін жинақталуда. Барлық сұрақтар бойынша: 8726342365, 87758688088 нөміріне хабарласуға болады. 

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Байқау қатысушысы аудан, қала, облыс аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген және төмендегі өлшем шарттарға сәйкес келетін заңды жеке тұлғалар бола алады:

1)      өңір аумағында қайырымдылық, қоғамдық пайдалы және әлеуметтік  қызметтерді жүзеге асыру;

2)      қызметтің әлеуметтік бағыты;

3)      сыйлық номинацияларына сәйкес келуі;

4)      қажетті құжаттардың болуы.

Байқауға қатысу үшін осы Ережеге қосымшаға сәйкес қажетті құжаттар топтамасы мен өтінімдерді ұсыну негіз болып табылады.

Қатысуға өтінімді қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген заңды және жеке тұлғалар, сонымен қатар олармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсына алады.

Жеке және заңды тұлғалардың: төмендегі қызметтері қарастырылмайды:

—        коммерциялық табыс табуға;

—        ғибадат ғимараттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

— мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көретуге бағытталған қызметтері қаралмайды

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:

Номинация атауы Сипаттама
1 «Жыл меценаты» Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көпбалалы  жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін
2 «Туған өлке» Елді мекендерді абаттандыруға, демалыс бақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін
3 «Жыл тұлғасы» Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін  (тек жеке тұлғалар үшін)
4 «Жылдың үздік ұйымы» Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін)
5 «Ерен еріктілік» Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ

Жеке тұлға үшін:

  • Байқауға қатысуға өтінім;
  • Үміткердің фотосуреті (пішімі: 3х4, JPEG);
  • Өмірбаяны;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметі туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;
  • Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері).

Заңды тұлға үшін:

  • Байқауға қатысуға өтінім;
  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
  • Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама;

Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмесі (Алғыс хат, БАҚ-та шыққан материалдар, объектілер, іс-шаралар және т.б. фотосуреттері

Leave A Reply

Your email address will not be published.