КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ

0

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Мұратқали Сәрсенов, партия аудандық фили-алы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков пен партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Темірхан Оразбаев Ақтоғай ауылында көшпелі қабылдау өткізді. Көшпелі қабылдау барысында ауыл тұрғындары елді мекенге газ тарту, ұялы байланыс желісін орнату, Ақтоғай өзенінің табанын бекемдеу, ауыл көшелеріндегі жарықтың қуатын арттыру секілді өзекті мәселелерді көтерді. Кездесуде кейбір мәселелерге нақты жауап берілсе, бірқатар мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.