Тағайындау

0

Сарысу ауданы әкімінің өкімімен Бегалиев Саят Балтабекұлы Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Бегалиев Саят Балтабекұлы 1978 жылы 11 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлаукөл ауылында дүниеге келген.

1999 жылы «М.Х. Дулати» атындағы Тараз мемлекеттік университетін экономист-менеджер, 2010 жылы «Болашақ» университетін дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы  Сарысу ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған.

2001-2007 жылдары Сарысу ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас есепшісі болған.

2007-2011 жылдары Жамбыл  облысы әкімиятының дене шынықтыру және спорт басқармасының Жамбыл ауданы, Түркісіб ауылындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас бухгалтері, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Жамбыл бокс клубында бас есепші, 2012-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы №23 Сарысу ауданы, Саудакент ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.

2015-2016 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бокстан балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2016-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығы директорының орынбасары болып қызмет еткен.

2019 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері қызметтерін атқарған.

Спорт саласында республика, әлем чемпиондарының ұcтазы болған.

«Бокстан» спорт шеберіне үміткер.

Отбасылы, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.