КӨСЕГЕНІҢ КӨК ЖОНЫНДА егін орағы қызу жүруде

0

«Қазақстан-2030» стратегиясы белгілеп берген басымдықтардың біріне азық-түлік қауіпсіздігі жатады. Ауыл шаруашылығын қайта құрылымдау, жерді, суды тиімді пайдаланып, өнім өндірудің сапасы мен көлемін арттыруға нақты тапсырмалар берді. Осыған байланысты еліміздегі ірі-ірі агрокешендер арқылы сүт өндіру зауыттары, мал бордақылау алаңдарын салу қолға алынуда. Етті, сүтті мал өсіруге, мал тұқымын асылдандыруға басым бағыттар берілуде. Жалпы, мал шаруашылығын егін шаруашылығынсыз көзге елестету еш қисынға келмейді. Жем-шөптің жеткілікті түрін дайындау керек. Осы бағытта ауданымызда да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Аптаның сенбісі күні аудан әкімі Қанатбек Мәдібек жұмыс алгоритміне сәйкес Түркістан, Жаңаарық ауылдық округтерінде шаруа қожалық төрағаларымен кездесіп,егістік алқаптарды көрді.

Аудан әкімі Қ.Мәдібек Түркістан ауылдық округінде болып, «Болашақ» шаруа қожалығының жұмысымен таныс-ты.  Бұл шаруа қожалықтың жалпы егістік алқабы 534,90 гектар.Оның ішінде  104,90 гектары арпа, 300 гектары мақсары, көпжылдық шөп 130 гектар жерге егілген. Қазіргі таңда егістікте 1 трактор,  2 комбайн, 1тіркеме,   1 автокөлік жұмылдыруда.

Одан кейін «Нұржан» шаруа қожалығында болды. Бұл шаруа қожалықта биыл 20 гектарға күздік бидай, арпа 134 гектар жерге себіліпті. Мақсары   20 гектар, көпжылдық шөп 25 гектар. 4 техниканың күшімен өнімді жинауда. Сонымен қатар,  «Бауыржан-К» шаруа қожалығында болды. Бұл шаруа қожалықта да биылғы жылы 130  гектарға күздік бидай, 319 гектарға мақсары, ал көпжылдық шөп 35 гектарға егілді.

Егістік алқабын аралау барысында аудан әкімі Қ.Мәдібек  «Мұрат» шаруа қожалығының төрағасы Е.Дүтбаевпен кездесті.

Шаруа қожалық төрағасы Е.Дүтбаев:

-1368 гектардай егістік жеріміз бар. Биыл өніміміз жақсы. 288 гектар жерге арпа, 811 гектарға мақсары, 268 гектарға көпжылдық шөп егілді. Арпаның әр гектарына 18 центнерден өнім алып жатырмыз. Егістік алқабында  2 трактор, 2 комбайн, 2 автокөлік, 2 тіркеме, барлығы 8 техника жұмылдыруда,-деді.

Сонымен қатар, аудан басшысы «Арыстанды» шаруа қожалығының егістігіне барды. Шаруа қожалық төрағасы Ж.Дәндібаев 100 гектарға күздік бидай,  20 гектарға арпа, мақсары  350 гектарға, 202 гектарға көпжылдық шөп егіп, өнімін алып отырған жайы бар.

Аудан әкімі «Ақжол», «Қоңыртөбе», «Көк жон» шаруа қожалықтарының егістік алқаптарын да көзбен көріп қайтты.

Сонымен қатар, Жаңаарық ауылдық округіне қарасты «Керімбай»,  «Жас-тар», «Абылай-Т»,  «Бейсен», «Елдос-2004»,  «Ата Мұра», «Жаңарық», «Ақтоғай» шаруа қожалықтарының егістік алқаптарын аралады.

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығының басшысы Сейілбек Дариябеков егістік алқаптарының өнімдері бойынша:

— Аудан дихандар үшін астықты шашпай-төкпей жинап алу басты міндет болып тұр. Бүгінгі күні аудан бойынша 3168 гектар масақты дәнді дақыл орылып, 5700 тоннадан астам дән бастырылды. Әр гектардан алынған орташа өнім 18 центнерді құрап отыр. Егін орағына 14 комбайн, 12 трактор, 9 автокөлік, 8 тіркеме қатысуда,-деді.

Осылайша диханшылардың жазғы жиын-терін сәтімен жалғасуда. Дихандар маңдай терінің өтеуін көріп, береке-ырзықты толық жинап алуға бар күш жігерлерін салуда. Жер қойнауы табиғаттың қазынасы, ал ауыл шаруашылық оның негізгі бір бөлігі.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.