Мамандар кеңесі

0

Елдіѕ мїддесіне адал ќызмет ету

Мен, мемлекеттік қызметімді Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотында 2016 жылдың 02 маусымынан бастадым. Сол уақыттан бастап халыққа адал қызмет ету, еліміздің дамуына өз тарапымнан сүбелі үлес қосу жауапкершілігі сезілді.

Еліміздің тарихында қайталанбас, дара және дана тұлға Д.Қонаев атамыз: «Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ұмытқам жоқ» — деп, қандай қызметте болмасын халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпай, мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, өзіміздің мемлекеттік қызметтің айнасы екендігімізді естен бір сәт шығармау керектігін атап көрсеткен.

Жас мемлекеттік қызметшілер он-он бес жылда ел тізгінің ұстар азаматтар болатынын қазірден сезінуі керек. Халыққа адал қызмет ету, жемқорлыққа жол бермеу туралы қызметшілерге әрдайым түсіндіру қажет. Сонда ғана жүйелі түрде дамитынымыз шындық.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы заңы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайтын заңнамалық акті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптары белгіленген норма жинағы. Жоғарыда көрсетілген нормалардың талаптарын орындау, қағидаларды ұстану, шектеулерді қабылдау арқылы мінсіз, үлгілі мемлекеттік қызметші мәртебесіне жетуге болатындығын ұмытпағанымыз абзал.

Көрсетілген талаптар мен бірге мемлекеттік қызметшілерді көтермелеп отыру, беделін арттыру мақсатында 2013 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына 23 маусым Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып жарияланды. Сонымен бірге 2013 жылы 19 ақпанда мемлекет басшысының Жарлығымен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі бекітілді. Бұл төсбелгімен мемлекеттік қызметтің дамуына 15 жыл еңбек өтілі бар, мінсіз үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер марапатталып келеді. Бұл аталған шаралар мемлекеттік қызметке деген өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттырып, мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін жоғары деңгейде, үздік нәтиже көрсетумен атқаруына себепші болатын фактор екендігі айдан анық.

Сондай – ақ, 2019 жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтерілетіндігі мемлекет тарапынан жасалып отырған жағымды жаңалық екендігін айтпай кетпеске болмас.

Т.Тұрсынбек, аудандық сот  кеңсесінің аға сот приставы, судьялар одағының мүшесі

жемқорлыққа делдалдық

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз -заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

Сыбайлас жемқорлыққа делдалдық – пара беруші мен пара алушының ортасында байланыс жасауға көмектесетін тұлға. Сыбайлас жемқорлықтағы делдалдық бұл да қылмыс түріне жатады. Ол адам үшін де Заң қатал екенін ұмытпасын. Делдал болып жүргенде де пара алушы мен пара беруші сияқты қоғамға зиянды адам. Олардан да қауіп бар.

Басқа адамның мүддесіне әрекетті пара үшін орындауға пара алушымен келіскен және пара алушыға параны берген қызметкер пара беруге сыбайлас қатысушы ретінде жауаптылыққа тартылуы тиіс. Егер аталған адам тапсырманың сипатын біліп тұрып параны тек апарып берсе, оның әрекеті пара беруге делдал болу ретінде саралануға жатады.

Әдептілік

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасалып отыр. Олардың қызметтік әдеп нормаларын бұзбауын және оның алдын алуды Әдеп жөніндегі кеңестер жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта: жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға жол бермеуге тиіс.

Ж. Асан, аудандық Әділет басқармасының мұрағатшысы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы   № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беріледі.

Жұмыссыз табысы аз көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және 29 жасқа дейінгі жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 200 АЕК (505 мың)теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі.

Мемлекеттік грант қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланады.

Жоғарыда көрсетілген санатқа жататын азаматтарды  Халықты жұмыспен қамту орталығына өз кәсіптерін ашып жұмыс жүргізуге шақырамыз.

Қажетті құжаттар:

1) Жеке басты куәландыратын құжат,  оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

2) Кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі)/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі;

3) Әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;

4) Кәсіпкердің Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі; «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған туралы сертификатының көшірмесі.

5)Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы).

Д.Омар, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы

Суда абай болыңыздар

Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде.

Есте сақтаңыздар: судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.

Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:

  • тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
  • жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
  • шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
  • жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
  • жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
  • жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
  • қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
  • суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
  • түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, сауықтандыру лагерлерінің және демалыс орындарының басшылары балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

А.Даулбаев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры

Хабарландыру

аудан әкімі жұмыс алгоритміне сәйкес, ағымдағы жылдың 18 шілде күні сағат 16.00-де Жаңатас қаласы М.Әуезов атындағы мектеп- гимназиясында тұрғындармен және әлеуметтік сала өкілдерімен кездеседі. 20 шілде күні Түркістан, Жаңаарық ауылдық округтерінде шаруа қожалық төрағаларымен кездесіп, егістік алқаптардың жұмыстарын қарайды. Онда дала өртін болдырмау бағытында да семинар жұмыстарын жүргізеді. 21 шілде Жайылма ауылдық округіндегі егіс еккен шаруа қожалық төрағаларымен кездесу жиын өткізіледі.

аудан әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.