Табиғатты аялайық

0

Бүгінгі таңдағы заман талабы жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат-ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. Сондықтан да балаларды айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу  басты мақсат.

Осыған орай өткен аптада «Жұлдыз» сауықтыру лагерінде «Охотзоопром ӨБ» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорынның инспекторлары Х.Беймбетов,  Ж.Жұмабеков, В.Исайченко, М.Баратов, М.Надықұловтар  балалармен кездесті.

Кездесуде инспекторлар  балаларға табиғатты аялап, қастерлеуге және қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау туралы жан-жақты түсіндіріп,өз өлкеміздегі аң-құстар мен өсімдіктердің суреттерін оқушыларға таратты. Оқушылар инс-пектор ағаларына өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Сәулет Есқараев,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.