ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

0

Еліміздегі табиғи өрттердің негізгі түрлері жасыл желектің – орманның, орманды даланың және далалық алқаптың өртенуі. Өрт – аса қауіпті тілсіз жау. ол экономикаға үлкен материалдық шығын келтіріп, адамдардың өміріне қауіп төндіреді.  Өрттің шығуының 80 пайызға жуығы тұрғындар еңбек етіп жатқан немесе дем алып жатқан жерлерінде от қауіпсіздігін сақтамауынан, найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып қатты қызуынан, ауыл шаруашылығы техникаларында от ұшқындарын сөндіргіштің болмауынан, тасталған шылым қалдығы мен шырпыдан, отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болып табылады.

Ұзақ жылдар бойы  орман шаруашылығының қызметкерлері табиғатты қамқорлығына алып, тал дарақтар мен сексеуілдерді егеді және шырпылардан орманды тазалайды. Өрттің зардаптары туралы ойланбайтындар да болады. олар алауларды толығымен сөндірмей, шылым қалдықтары мен сіріңкелерді қалдырып кетеді. От жаққан кезде оны ұмыт қалдыруға болмайды, әсіресе жаздағы ыстық кезеңде. Дала өрттерін болдырмау үшін ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшыларына және жұмысшыларына жиі нұсқаулықтар жүргізу қажет.

Жылдың құрғақ уақытында және өрт қауіпі бар орындарда отты пайдалануда аса сақтық қажет, от орнын құрғақ шөптен, жапырақтан, бұтақтан және басқа ағаш қоқысынан тазарту, маңайдағы ағашқа, қамыс арасына от жақпау, отты қараусыз қалдырмау, оттың сөнгеніне көз жеткізбей сол жерден кетпеу керек. Баршамыз дала өрттерінің алдын алуға ат салысайық.

Құрметті аудан тұрғындары өрт бола қалған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар: 87788012417, 87758353431,8702 9544963,87263450112.

Ә.Айқымбаев, Байқадам орманшылығының, орман күтушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.