Асқақтай бер-Елорда

0

Мереке күні Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінде оқушылардың  жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында үстел тенисінен 2004-2010 жылғы  туылған ұлдар мен қыздар арасында  облыстық ашық біріншілік өтті.

Жарыста  ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов құттықтау сөз сөйлеп,  Елорда күніне орай және Жайылма ауылдық округінің әлеуметтік  экономикасының дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар ауыл азаматтарын Құрмет грамотасымен марапаттады. Одан кейін аудандық мәслихат депутаты Б.Дондаұлы,  ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары С.Сатқынтегі,ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы К.Оспанов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үстел тенисіне Тараз қаласы,Сарысу, Байзақ,Т.Рысқұлов аудандарының спортшылары бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом медалдарымен марапатталды.

***

Досбол ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Ж.Үсенбекованың ұйымдастыруымен «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан» атты іс-шара өтті.

Жиын барысында Досбол  ауылдық округ әкімі Н.Молдабеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.  Сондай-ақ ауыл өнерпаздары патриоттық  әндер шырқап, мың бұрала би биледі. Досбол атындағы орта мектебінің оқушылары жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Кеш соңында, ауылдық кітапхана қызметкері Г.Бизақова  «Асқақтай бер-Елорда» атты кітап көрмесіне бибилографиялық шолу жасады.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.