Қазақстанда кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілді

0

Қазақстан үкіметі келер жылдан бас-тап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті.

«Аталған екі пакеттің айырмашылығы қандай? Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Мысалы: шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайға душар болған науқастарға көмек көрсету т.б. сақтандыру пакеті пациенттердің өмір сапасын жақсартып, ұлт болашағының негізін қалауға бағытталатын өзге де көмек түрлерін қамтиды», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

ТМККК пакетінің жаңа нұсқасын дайындау барысында тізімге енген барлық қызмет түрлері жан-жақты сарапталған.

«Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында министрлік бір жарым жыл бойы медицина саласы өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алу, ақы төлеу, мониторинг процесін жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірақ МӘМС жүйесін енгізуге дайындығымыз жоғары деуге болады», — деді министр.

Айтуынша, жаңа пакеттер биыл күзде еліміздегі аймақтардың бірінде нобайлы режимде іске қосылмақ.

«Бұл жүйенің «осал тұстарын» тауып, проблемаларды 2020 жылға дейін, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізгенге дейін шешуге мүмкіндік береді»-деп, қосты Елжан Біртанов.

Жүйе 2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында іске қосылады.

«Жалпы алғанда, келер жылға арналған бюджет жобасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру пакеттері негізінде көрсетілетін медициналық көмекке 1 620 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған», — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Еліміздің барлық азаматтары пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді.

МӘМС пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, ТМККК енгізілмеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржы операторы болып табылады. ТМККК шеңберінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер бюджет қаржысы есебінен, МӘМС пакетіне енетін қызметтер – Қордың активтері есебінен сатып алынады.  Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына Қазақстан бойынша 176,7 млрд теңге көлемінде жарна аударылды. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы

Обновленный перечень услуг гарантированного и страхового пакетов медицинской     помощи утверждены в Казахстане

Правительство Республики Казахстан утвердило перечни медицинских услуг, которые будут оказываться со следующего года в системе обязательного медицинского страхования и в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ОСМС и ГОБМП).

«Разница между этими двумя пакетами заключается в следующем: пакет ГОБМП станет минимальным социальным стандартом для всего населения и будет включать в себя помощь при экстренных и неотложных состояниях, всеобщий охват первичной медико-санитарной помощи и контроль над заболеваниями, значимыми для всего общества. ОСМС охватит остальной перечень медпомощи, направленный на улучшение качества жизни каждого застрахованного и здоровье будущего поколения казахстанцев», — прокомментировал принятые изменения министр здравоохранения РК Елжан Биртанов. Отмечается, что при подготовке нового перечня ГОБМП была проведена полная ревизия услуг с целью их максимальной детализации и оптимизации.

«В период подготовки новых пакетов министерство провело большую работу с медицинским сообществом в течение полутора лет. Совместно обсуждались механизмы работы по пакетам: закупа, оплаты, мониторинга. Разъяснительная работа по этому направлению продолжится до конца года, но в целом готовность системы к внедрению последнего этапа системы ОСМС можно назвать высокой», — сказал министр, добавив, что процессы обслуживания населения в рамках новых пакетов будут апробированы в пилотном режиме уже осенью в одном из регионов Казахстана.

«Это поможет выявить «узкие места» и решить обнаруженные проблемные вопросы к моменту полномасштабного запуска обслуживания населения в рамках ОСМС в 2020 году», — сказал Е. Биртанов.

С 2020 года система начнет работать уже по всему Казахстану.

«В запланированном проекте бюджета на будущий год расходы на медицинскую помощь в рамках гарантированного объема медпомощи и пакета медицинского страхования составят 1 620 млрд тенге», — отметил председатель правления НАО «Фонд социального медицинского страхования» Айбатыр Жумагулов.

В целом, в гарантированный объем бесплатной медпомощи, который доступен всем жителям страны вне зависимости от их статуса в системе страхования, в него включены скорая медицинская помощь и санитарная авиация, экстренная стационарная помощь, паллиативная помощь. Наряду с этим, при социально значимых заболеваниях, основных хронических заболеваниях будет доступна консультативно-диагностическая помощь, амбулаторное лекарственное обеспечение, плановая и стационарная помощь, а также медицинская реабилитация при туберкулезе.

В пакет ОСМС включены консультативно-диагностическая помощь, в том числе дорогостоящие лабораторные услуги, амбулаторное лекарственное обеспечение сверх ГОБМП, стационарозамещающая помощь и плановая стационарная помощь, за исключением случаев лечения в рамках ГОБМП, медицинская реабилитация и восстановительное лечение.

Напомним, что финансирование ГОБМП осуществляется Фондом социального медицинского страхования за счет республиканского бюджета, а медицинская помощь в системе ОСМС – за счет активов. На сегодня общая сумма взносов и отчислений по Казахстану составила 176,7 млрд тенге. Данные средства хранятся в Национальном банке и будут направлены на оплату медицинских услуг с 2020 года.

Филиал по Жамбылской области  НАО «Фонд социального  медицинского страхования»

Leave A Reply

Your email address will not be published.