КВОТА БЕЛГІЛЕУ

0

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерін сақтау, оларды негізсіз жұмыстан шығару фактілеріне жол бермеу, еңбек құқықтарының сақталуы және оларды әлеуметтік ортаға тарту бойынша айрықша мәртебе белгіленген. Осы мақсатта аудан әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы     №124 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы қабылданған. Аталған заң талаптарын және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын түсіндіру бағытында аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков пен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Аян Шуженов «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасынан туындайтын міндеттерге кеңінен тоқталды. Кездесуде аудандық орталық аурухана қызметкерлері өздерін қызықтырған сауалдарға тиісті жауаптарын алды.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.