Алаштың бақ ордасы-Нұр-Сұлтан

0

Өндіріс ауылдық цифрландырылған ақпараттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласының құрметіне орай, «Алаштың бақ ордасы-Нұр-Сұлтан» атты әдеби кеш болып өтті. Кешке ауылдық округ әкімі А.Бердібаев, округ әкім аппаратының мамандары,  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспекторы Ү.Жұматаев және ауыл жастары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шарада ауылдық округ  әкімі А.Бердібаев құттықтау сөз сөйледі:

-Нұр-Сұлтан қаласы, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, жеріміздің кіндігі. Нұр-Сұлтан Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті-деп, кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ардагер, зейнеткер Ж.Мұханов:

-Жаңа Елордамызды ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі жас ұрпақтың бойына Отан сүйгіштік қасиеттерді дарытып, патриоттық рухын арттырамыз, -деді.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері А.Махашева, А.Абдралина «Алаштың бақ ордасы-Нұр-Сұлтан» атты слайд суреттері арқылы оқырмандармен бірге әдеби керуен кешін таныстырды. Кітап көрмесінде Д.Дүкенбайдың «Ақорда», Ө.Жанайри «Елбасы біреу-ел оған тіреу», «Мәңгілік Ел-Қазақстан» фотоальбомы, Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» т.б көптеген кітаптары қойылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеште кітапхана меңгерушісі Ф.Байділдаева келген қонақтарды құттықтады.

Құдайберген Мамбетов,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.